Корейская косметика премиум класса

Орта Азия халықтарының діни төзімділігі мен көпдінділігі

Ғасырлар бойы Орта азия континенті жазық далалы аймақтар мен араласа таулы етектерге ұласа созылып жатты. Табиғатына сай көшпелі де, отырықшы халықтар мен тайпалар өмір сүрді. Алғашқы ғасырларда біздің заманымызға жетпей тұрып, адамзат баласы көне наным сенімдермен басшылыққа алынды. Тотемдер мен магиялық ғұрыптар мен қатар ежелгі діндер қатарласа жүрді. Тәңіршілдік пен зороастризмдік сенімдермен қоса буддизмдік элементтер еніп отырды. Осының нәтижесінде әр ру, тайпа, мемлекет келген ханына қарай діни заңдары мен нормалары да өзгере отырды. Ондай өзгерістер Хұлағу ұлысында қатты байқалды. Сенімдік жүйесіне илана отырып екі көшпелі халықтың да қақтығыстарына алып келген кездер де болды. Бірақ ол діни жоралғыларды орындап сол сенімде қала отыруға кері әсерін беріп отырса да, сенімдеріне берік болды. Түркі қағантының үшінші қағаны заманына қарай елде буддалық атрибуттар пайда бола бастады. Түріктердің сол замандағы алып территорияны алып жатуына қарай буддалық сенімді қабылдау барысында қақтығыстар байқалмады. Мемлекеттің алып әрі көптеген тайпа бірлестіктерінің есебінен біріне-бірі ерекшеленуі де осы дін болды. Бірақ түріктердің ежелгі діні тәңіршілдік болғаны рас, оның өзіне қарай кейін зороастрлық жазбалар мен сенімдер қосарлана тәңіршілдік белгілі бір тұрғыда таза формасынан айыра бастады.

Әр тайпаның діни пантеоны мен нанымдары ерекше болды. Мысалы скифтерді қарастыратын болсақ,олардың пантеонына жеті құдай болды. Олар: Табити, Папай, Апи Аргимпаса, Арай, Гойтосир. Бұл деректерді грек жазба деректерінен көре аламыз. Кей аңыздарда скифтік көшпелілер Гераклдан тарағындығы туралы да айтылады. Ежелгі Жужандықтардың сеніміне келетін болсақ олардың сенімі буддалық болғаны мен қытайлық әсері бар хотандық және зороастризмнің бір үлгісі болды. Буддалық ескерткіштер Орта Азияда көп кездеседі, әсіресе Өзбекстан мен Тәжікстан аймақтарында буддалық мүсіндер көп. Қазақстан аймағында да біразы кездеседі. Олардың көбі оңтүстік пен Жетісу жерлерінде табылған.  Текелі стелласы деп аталатын ескерткіштің өзінде де тәңіршілдік сенімі мен буддизмдік сенімдер араласа орналасқан. Бұл дегеніміз бір діннен екінші дінге ауысқаны мен ғұрыптық наным сенімдер келесі дінге ауыса отыруы діннің ұқсастықтары мен кем тұстарын толықтыра ұстанудың формасы ерекше діни жүйені құрап отыр. Бірақ ғылыми зерттеулерде бұл белгілі бір қиындықтарға тап болдыруы мүмкін, діннің таза формасы іздеу барасында орта Азияда белгілі бір ықпалдың бейнесін көре аламыз.

Діни төзімділіктің жарқын формасын Шыңғыс хан империясы заманында байқай аламыз, діни жоралғыларына жоламай бодан болған тайпалардың ішкі мәдениетіне көп саяси өзгерістер енгізе қоймады. Сол қанаты болған жоңғарлықтардың діні будда болғанын еске алған жөн. Найман керейіт тайпаларының діні христиан неостр бағытын ұстанғандығы және т.б. мысалдарды көре аламыз. Ондай төзімділікті Құбылай ханның сарайында да байқаймыз, нөкерлері мен сарай қызметкерлері мен уәзірлерінің көптеген дінде болғандығын тарихи деректер растайды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
философия және саясаттану факультеті
дінтану және мәдениеттану кафедрасы
2курс студенті Куан А.Е.

Жетекшісі: Кантарбаева Ж.У.

www.kaznu.kz


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Қарап көріңіз

×