Өлең, жыр, ақындар

Оқу жылы биыл да 25 мамырда аяқталады – Білім министрлігі

Қазақстанның білім беру ұйымдары оқытудың кабинеттік жүйесіне көшіріледі. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова айтты.

«Үкіметтің жүйелі жұмысының нәтижесінде оқушылар офлайн форматтағы оқуға көшті. ІV тоқсан барлық білім беру ұйымдарында дәстүрлі (штаттық) форматта басталады», - деді Г. Кәрімова Орталық комумникациялар қызметінде.

7,5 мың орта білім беру ұйымдарында оқушылар контингенті шамамен 3,6 млн баланы құрайды (2,4 млн. оқушы қазақ тілінде білім алады, 65,3 %), бұл өткен оқу жылының осы кезеңімен салыстырғанда 200 мың балаға артық. \

Мектеп басшылары білім беру ұйымдарында қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың қатаң сақталуын қамтамасыз етеді.

«Биылғы 24 наурызда Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануын ескере отырып, Ведомствоаралық комиссия білім беру ұйымдарында оқытудың кабинеттік жүйесіне көшуге рұқсат беру туралы шешім қабылдады», - деді комитет басшысы.

Жалпы, барлық орта білім беру ұйымдарында 4-тоқсан ұйымдасқан түрде басталады. Оқу тоқсанының ұзақтығы – 8 апта.

Оқу жылы дәстүрлі түрде биылғы жылдың 25 мамырында аяқталады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар