Корейская косметика премиум класса

Халық қамын ойлауда тайсалмайтын тілші қандай болу қажет?

«Ақ жол» газетінің 1925 жылғы 15-сәуірдегі санында басылған «Тілшілердің міндеті һәм мәнісі туралы» атты мақала газет тілшілерінің бірінші маслихатында жасалған баяндамасынан. Мақаланың авторы – Қошке Кемеңгерұлы. Қошке Кемеңгерұлы бұл баяндамасында «Газет ел мұңына, ел жай-күйіне араласып көрсететін айна десек, мақсатсыз айна емес. Мақсатты айна» деп айтады. Ал, енді газетке мақала жазатын, оларды баспасөзге басып шығаратын ол кім? Әрине, тілші.

Тілші - ақиқат пен өтіріктің, жаман мен жақсының ара жігін ажырата білетін, сауатты, батыр да батыл, қаламымен панасызға пана болатын, елдің мұңымен мұңдасып, жоғымен жоқтасатын ел адамы. Қоғамдағы орны ерекше тілшілердің міндеті мен мәнісін, қазақ еліне түсіндіре білген Қошке Кемеңгерұлының жазған еңбегі қазіргі жас тілшілерге мықты маман болып шығуына үлкен септігін тигізуде. Баяндамада көтерілген мәселелер: тілшілер нені жаза білу, қандай мәселелерді талқылау, талдау қажеттілігі тілге тиек етіледі. Ол кезде жазылмай, қамтылмай жүрген тақырыптар көп болатын. Жерге орналасу мәселесі, құда түсу мәселесі, денсаулық мәселесі т.б мәселелерді тілшілердің қаламынан түспеу керек дейді.

Тілшілердегі басты мәселе - ұзынқұлақтан естігенін жариялап, яки даладағы кісілер, қызметкерлер жазып жүруі. Елдің жайы туралы нақты ақпарды өз көзімен көрмей, халықпен  бірге сезіне білмеген адам жаза алмайды. Ол сырттан бал ашу болады. Бұл-бірінші мәселе. Екінші - тілшілердің батылсыздығы яғни өз қара бастарын ойлап, қорқақтап, шынайы мағұлматты көзі көріп, біліп тұрса да басып шығара алмауы. Үшінші - тілші сөзі қоспасыз өз тілімен жазылуы керек. Қазақ тілін білмейтін азаматтар қоғамда көп. Бөтен тіл араластырмау- шарт. Төртінші- тілші жазған әңгімесіне ат қоя білу қажет. Ол өте маңызды. Кез-келген әңгіме жазса да, ең алдымен оқырманды өзіне баурап алатын тақырып қоя білуі керек екен.  Ленин:  «Тілші хаты - барометр, әрі саясаттың қате жерлерін көрсетеді», - деп жазады. Тілшінің хаты - елдің тілі. Елге жайлысын да, жайсызын да білдіреді. Қошке Кемеңгерұлы «ел тілшісі кедей таптан болады» дейді. Бұл жерде жеткізгісі келгені -  халықтың жағдайын өзі көзімен көріп, қолымен ұстап, жүрегімен сезіне білген тілші ғана әділ, ел мәселесі менің мәселем деп жан ұшыра жазады. Бұл автордың пікірлері менің санама әбден қонды деп нық сеніммен айта аламын. Расында халық қамын журналисттер ойламаса, оның ешқандай шебер еместігі осының айқын дәлелі емес пе?! Осылайша тілші газет бетіне жарияланған материал арқылы халықтың әл - ауқатын, тұрмыс- тіршілігін біліп, ауырған жерін дөп басады. Елдің тілі- тілшісі.

Жуанқан Айтолқын


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Қарап көріңіз

×