Өлең, жыр, ақындар

IELTS ЭКЗАМЕНІ. АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ МЕН МҮМКІНДІКТЕРІ. 

    IELTS (International English Language Testing System) – ағылшын тілін меңгеру деңгейін бағалайтын халықаралық тест. Бұл тест, әлемнің көптеген елдерінде, білім алу, жұмысқа орналасу және көші-қон мақсатында кеңінен қолданылады. IELTS, өзінің стандартты тестілеу жүйесі және әділеттілігімен танымал. Мақалада IELTS тестінің артықшылықтары, әлемде қолданылу статистикасы, жоғары баллды иеленген елдер мен жеке тұлғалар, сондай-ақ тесттің мүмкіндіктері қарастырылады.

IELTS Тестінің Артықшылықтары:

1. Халықаралық танымалдық: IELTS тесті әлемдегі ең танымал ағылшын тілін меңгеру тестдерінің бірі болып табылады. 140-тан астам елде, 10,000-нан астам ұйымдар, оның ішінде университеттер, жұмыс берушілер және мемлекеттік мекемелер IELTS сертификатын қабылдайды. 

2. ⁠Көптеген форматтар: IELTS тесті Academic (академиялық) және General Training (жалпы дайындық) форматтарында өткізіледі. Академиялық тест, жоғары оқу орындарына түсу үшін қажет, ал жалпы дайындық тесті, еңбек нарығында немесе иммиграция үшін қажетті. 

3. ⁠Нәтижелердің объективтілігі: IELTS тесті төрт бөлімнен (Listening, Reading, Writing, Speaking) тұрады, олар тыңдау, оқу, жазу және сөйлеу дағдыларын бағалайды. Нәтижелер 1-ден 9-ға дейінгі шкала бойынша бағаланады, бұл тесттің объективтілігін арттырады.

4. ⁠Глобалдық мүмкіндіктер: IELTS тестін тапсыру арқылы, адамдар шетелде білім алу, жұмысқа орналасу және халықаралық деңгейде тәжірибе жинақтау мүмкіндігіне ие болады. Бұл, әсіресе, ағылшын тілінің кеңінен қолданылатын елдерінде, мысалы, АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Австралия және Жаңа Зеландияда маңызды.

IELTS тестін тапсыратын адамдардың саны жыл сайын артып келеді. 2022 жылы 3 миллионнан астам адам IELTS тестін тапсырды. Бұл тестті тапсыруға ең көп қызығушылық танытқан елдерге Қытай, Индия, АҚШ, Австралия және Ұлыбритания жатады. Статистика бойынша, IELTS тестін тапсырушылардың 0.5% -ы (жыл сайын шамамен 15,000 адам) 9 балл алды. Бұл, тесттің жоғары деңгейін меңгеру мен тестілеу жүйесінің қатал талаптарын көрсетеді. 

Жоғары Балл Көрсеткіштері:

Дүниежүзі бойынша, IELTS тестінен жоғары балл (8.0 және 9.0) көрсеткен елдердің арасында Австралия, Канада және Жаңа Зеландия көшбасшы болып табылады. Бұл елдерде ағылшын тілі кеңінен қолданылатыны және білім беру жүйелері жоғары деңгейде екендігі себепті, тест нәтижелері де жоғары болады.Қазақстанда да IELTS тестін тапсырып, 9 балл алған адамдар бар. Мысалы, 2021 жылы Астанадағы Назарбаев Университетінің студенті Дамир Мажитов 9 балл алды, бұл Қазақстандағы IELTS тестінің тарихындағы рекордтық көрсеткіш болып табылады. Сонымен қатар, 2025 жылы Сая Қадырәлі 9.0 балл алған болатын.

«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Аруна Бегежанова


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар

Пікірлер