2025 жылы Ұлттыұ біріңғай тестілеуге шамамен 216 000 талапкер қатысты, олардың 183 000-ы негізгі кезеңге тіркелді. 2024 жылы бұл көрсеткіш 211 000 адамды құраған болатын. Демек, соңғы жылдары тест тапсырушылар саны жыл сайын шамамен 2–3 % өсіп келеді. ҰБТ форматы өзгермегенімен, цифрландыру деңгейі артты. Қазіргі таңда тест нәтижесі электронды сертификат түрінде беріледі, ол egov.kz жүйесінде автоматты түрде расталады.
Тест құрылымы 120 сұрақтан тұрады:
Қазақстан тарихынан – 20,
оқу сауаттылығынан – 10, математикалық сауаттылықтан – 10,
екі бейіндік пәннен – 80 сұрақ, бірақ екі бейінді пәнге 50, 50ден 100 балл беріледі. Барлық сынаққа 240 минут (4 сағат) бөлінеді. Ерекше қажеттілігі бар оқушыларға қосымша 40 минут беріледі. Ең жоғары балл – 140, ал орташа нәтиже 68 баллды құрайды. 2024 жылғы ҰБТ қорытындысы бойынша талапкерлердің 76 %-ы шекті балл жинаған, ал 8 адам 137 балл алып, рекордтық көрсеткішке жеткен.
Тестілеуді қазақ тілінде тапсыратындардың үлесі 74–76 %, орыс тілінде – 24–26 %, ағылшын тілінде – шамамен 0,1 %. Бұл көрсеткіш жастардың басым бөлігі мемлекеттік тілде білім алатынын дәлелдейді. ҰБТ өткізу пунктерінің саны да артып келеді: 2020 жылы 161 пункт болса, 2025 жылы олардың саны 200-ден астам. Әрбір кезеңде алғашқы күні орта есеппен 4 500–5 000 адам тест тапсырады.
Білім гранттарының саны да өсіп отыр: 2023–2024 оқу жылында 88 204 грант бөлінген, соның ішінде 2 265 грант қандастарға арналған. Ал жалпы 2004 жылдан бері 1,7 миллионнан астам түлек ҰБТ тапсырған. Бұл еліміздегі орта білім беру сапасын жүйелі түрде бақылауға мүмкіндік беріп отыр. ҰБТ нәтижелері енді оқу орындарын рейтингтеу мен мектептерді бағалау кезінде де қолданылады. 2025 жылдан бастап тест тапсырушылардың жеке басы Face ID арқылы расталып, академиялық адалдық күшейтілді. Цифрлық жүйелердің арқасында әр тестіленушінің нәтижесі нақты уақыт режимінде тіркеледі. Соңғы бес жылда ҰБТ деректер базасына 1,2 миллионнан астам электронды сертификат енгізілген.
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Ахмеджан Айша
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
-
- Архимед
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі