Өлең, жыр, ақындар

Нобель – 2017: Кімдер және не үшін алды?

Ағымдағы жылы «Нобель» сыйлығы қандай еңбектерге берілді және ол еңбектердің маңыздылығы неде? Бұл сұрақтарға төмендегі мақаламызда жауап беретін боламыз (егер барлығын өткізіп алған болсаңыз)​. 

Физиология және медицина

Кім алды? Джеффри Холл, Майкл Розбаш, Майкл Янг (АҚШ)

Не үшін алды? Биологиялық сағат механизмі.

Америкалық генетиктер «циркадтық ырғақтарды бақылайтын молекулярлық механизмдерді зерттегені үшін» Нобель сыйлығын алды.

Ғалымдар жеміс шыбындарының гені ағзаның күнделікті биологиялық ырғақтарын қалай (мерзімді) бақылайтынын анықтаған. Осы генмен кодталған ақуыз түнде жиналып, күндіз жұмсалады. Осылайша, генетиктер өсімдіктерде, жануарлар мен адамдарда «биологиялық сағаттың» нақты қалай жұмыс істейтінін түсіндірді.

Не үшін маңызды? Холл, Розбаш және Янгтың зерттеулері циркадты ырғақтың адам денсаулығына қалай әсер ететіндігін түсінуге көмектесті. Біздің әрқайсымызда «өте кеш жататын - жапалақ» немесе «ерте тұрып алатын - бозторғай» болатынымызды айқындайтын жеке хронотип бар. Демек, күнделікті бірыңғай жұмыс кестесі болуы керек деген идея - мағынасыз болып шықты: адамдар 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істей алмайды және көпшілігіне жеке кесте қажет деген сөз.

Сондай-ақ, түнгі тағамдар, шынымен, адам денсаулығына теріс әсер етеді: біздің ағзамыз таңертең көп инсулин шығаратындықтан, түнгі мезгілде глюкозаның дозаланған мөлшерін жеңу қиын.


Физика

Кім алды? Райнер Вайсс, Кип Торн, Барри Бэриш (АҚШ)

Не үшін алды? Физиктер «LIGO детекторына шешуші салым қосқаны үшін және гравитациялық толқындарды бақылағаны үшін» марапатына ие болды. Біз көлге тас лақтырған кезде, су бетінде шымырлаған дірілдер пайда болады. Гравитациялық толқындар дәл сондай дірілдерді еске түсіреді, бірақ олардың ерекшелігі - кеңістікте жарық жылдамдығымен таралады. Оларға тас лақтыру емес, екі қара тесіктің соқтығысуы себеп болады. Әсерлі, иә? Бір миллиард жылдан аса уақыт бұрын орын алған осындай соқтығысудан туған толқынды LIGO детекторы арқылы анығына жетуге мүмкіндік туды.  

Не үшін маңызды? Гравитациялық толқындарды бақылау 1916 жылы ұсынған Альберт Эйнштейннің теориясының эксперименталды расталуына айналды. Ғалымдар салыстырмалық теориясын тағы да растады және біз барлық мәліметті ескере отырып, әлемнің қалай орналасқанын дұрыс түсіне алатын күйдеміз (ол - жақсы!). Айтпақшы, адамдарға физиканың Нобель сыйлығы иегерлерінің бірінің есімі көп уақыттан бері алғаш рет ғылымнан алысырақ салада аталуы мүмкін. Айтпағымыз, Кип Торн «Интерстеллар» фильмінің идеясын ойлап тауып, оның ғылыми кеңесшісі болған. Ендеше, Нобель сыйлығы иегерінің зерттеуін оқымай-ақ, фильмін көре салуға болады.


Химия

Кім алды? Жак Дюбоше (Швейцария), Йоаким Франк (Германия /АҚШ), Ричард Хендерсон (Ұлыбритания)

Не үшін алды? Химия бойынша Нобель сыйлығы криоэлектрондық микроскопияны дамытқаны үшін берілді, яғни, оның көмегімен биологиялық молекулалардың құрылымын жоғары деңгейде көруге болады. Молекулаларды олардың шұғыл қатуынан (мәселен, сұйық азотпен) кейін бақылауға болады, себебі, олар осы жағдайда өздерінің табиғи құрамын сақтайды.

Не үшін маңызды? Криоэлектрондық микроскоп  ғалымдардың көзін түпкілікті ашты десе болады. Оның көмегімен ақуыздардың, ферменттердің, вирустар және т.б. құрылымдардың суретін нақты (атомды келісіммен!), дәлме-дәл көріп, олардың ішкі құрылымы мен қоршаған ортамен әрекеттестігін білуге мүмкіндік туды. Болашақта криоэлектрондық микроскопия жаңа дәрілерді жасап шығаруға (мұндай жұмыстар басталып кетті), сондай-ақ, вирустармен күресудің жаңа жолдары мен дәрілердің рак клеткаларына қалай әсер ететіндігін білуге көмектеседі.


Бейбітшілік сыйлығы

Кім алды? Бейбітшілік сыйлығы ядролық қаруды жою жөніндегі халықаралық кампаниясына берілді (International Campaign to Abolish Nuclear Weapons-ICAN).

Не үшін?  ICAN кампаниясы он жылдан бері әлемді ядролық қарудан тазарту мақсатында жұмыс жасауда. Оның құрамында 101 мемлекеттен 500-ге жуық серіктес ұйым бар. Нобель комитеті ICAN-ның ядролық қару түріне келісім арқылы тыйым салуға қол жеткізудегі күш-жігеріне аса назар аударғанын жеткізді. Көп жағдайда бейбітшілік сыйлығы бүгінгі атқарған жұмысы үшін емес, болашықтағы жетістіктеріне деген ынталандыру сыйақысы есебінде беріліп жатады.

Не үшін маңызды? 2017 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы ICAN бастамасымен 50 ел қол қойғаннан кейін күшіне енетін ядролық қаруға тыйым салу туралы келісімшартқа қол қойды. Ол келісімшартқа 122 мемлекет қатысты. Бірақ, бар мәселе, аталған тізімнің ішінде ядролық қаруы бар бірде-бір мемлекет жоқ - олар құжаттың талқылануына қатыспады.

Аталған сыйлықты ICAN-ға беру – алдағы уақытта олардың әлемді ядролық қарудан тазарту жұмысына деген ынтасын арттыруды, «ядролық клуб» елдерінің азаматтарын осы мәселе бойынша белсенді түрде айтуға ынталандыруды көздейді.


Экономика

Кім алды? Ричард Талер (АҚШ)

Не үшін? Америкалық экономист мінез-құлық экономикасы үшін жүлдеге ие болды. Ол экономикалық шешімдер қабылдаудың әртүрлі факторларының әсерін зерттеді. 2002 жылы бұл марапатқа Талердің бірлескен авторы, танымал психолог Даниэль Кахман ие болған еді. 15 жыл өткеннен кейін әділдік жеңіске жетіп, мінез-құлық экономикасының дамуы үшін сыйақы нағыз экономистті тапты. Айтпақшы, 2017 жылы орыс тіліндегі «Эксмо» баспасы «Жаңа мінез-құлық экономикасы. Неліктен адамдар дәстүрлі экономиканың ережелерін бұзады және онымен қалай ақша табуға болады?» деген кітапты жарыққа шығарған болатын.

Не үшін маңызды? Экономистер, ақыры, адамдардың көлік еместігін мойындады. Адамдар экономикалық теориялар емес, эмоцияның әсерімен әрекет етеді. Мысалы, инвесторлар көбінесе күтпеген жаңалықтарға аса үреймен қарайды - бұл дағдарыстарды болжауға және үкіметті нарықты реттеуге мәжбүрлеуге мүмкіндік береді. Жалпы, адамдық иррационалдықты алдын-ала болжауға және пайдалануға болады, ол адамдарды нақты шешімдер қабылдауға мәжбүр етеді. Мәселен, ол мейрамхананың мәзіріндегі жеңілдіктер немесе «күннің ұсыныстары» болуы мүмкін. Ричард Талер компаниялардың айла-шарғыларды қалай жасайтынын түсіндіріп беріп – барлығын қуантты. Бүгінде компаниялар кірісті қалай арттыруды жақсы білсе, ал Талердің кітабын оқыған адамдар ол компаниялардың бар айласын біліп, алданып қалмаудың амалын жасап отырады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (3)

Арман

"Демек, күнделікті бірыңғай жұмыс кестесі болуы керек деген идея - мағынасыз болып шықты: адамдар 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істей алмайды және көпшілігіне жеке кесте қажет деген сөз." дегені дұрыс екен, бұрыннан сезетінмін оны. Өйткені адамның бəрі бірдей емес. Əр қайсысы əр түрлі жеке тұлға. Барлығының өмірі, жегені, өскен жері, жан ұясындағы адам саны, жастары, қаржы жағдайы, денсаулығы, оқыған жері, білімі, санасы, ой өрісі, өмірде көргені, оқыған кітаптары, барған елдері, сөйлескен адамдары, ойнаған ойындары, ата-анасының шықан қалалары/ауылдары, көрген немесе көрмеген қиыншылықтары...(қысқасы вариациялары өте көп) бірдей емес. Солтүстік Корея сияқты елдерде немесе дамымай қалған елдерде бірдейге жақын болуы мүмкін.

Kazna

Сайт унади онай тиркедим категория алуга жарайма дипломдар

Жүніс

Неге біздің адамдар пікірді қате жазады?

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер