Өлең, жыр, ақындар

З. Қабдоловтың «Менің Әуезовім» роман-эссесіндегі Əуезов бейнесі

Оспанова Гүлмария Тұрысбекқызы
Əл—Фараби атындағы ҚазҰУ—дың филология жəне əлем тілдері факультетінің
қазақ тілі мен əдебиетінің 2—курс студентті

Мұхтар Әуезов — бір бойына бірнеше  асыл қасиеттерді жиып,  өнегелі өмірінде өнер мен ғылымға қатар үлес қосқан айрықша талант иесі. Ол туралы жазылған З.Қабдоловтың «Менің Әуезовім» роман-эссесі— заңғар тұлғаны сан түрлі қырынан жан—жақты суреттейтін бірегей туынды. Шығарманың өн бойында М.Әуезовтің өмірі мен қызметінің ерекше дараланатын және өзара сабақтас екі ұғымы айқын аңғарылады. 
З.Қабдоловтың «Менің Әуезовім» роман-эссесінде тума дарынның өмірі мен қызметінің ажырамас бөлігі іспетті өзара тамырлас  ұстаздық  және жазушылық туралы екі ұғым басты назарға алынған. Бұл туындыны басқалардан оқшаулап тұрған басты ерекшелігі де осында,дара тұлғаның ұстаздығы мен жазушылық қырын тоғыстыра отырып, қатар суреттей білуінде деп ойлаймын. Оған шығармадағы: « Әуезов кәдімгі қазақтың «сегіз қырлы, бір сырлы» дейтін кісілікті Кісісі,Ұлы тұлғасы.Ол ұстаз ғана емес, жазушы әрі ғалым және осы қырының үшеуін де айта қалғандай айқындап алған , үш мамандығының үшеуін де жетік меңгерген, үшеуінде де алып, күшті» ,—деген сөздері дәлел бола алады. Автор  осы аталған үш қырының ішінен әсіресе алғашқы екеуін, яғни ұстаздық және жазушылық қызметін  өзгеше даралап көрсетеді. Бір үзіндіде: «Қазақ университетінің өзгелерден ерек тұрған айрықша аяулы қасиеті — М.Әуезовтің  күллі саналы ғұмыры түп-түгел осында өткені, ұстаздық еткені — лекция оқығаны, адам тәрбиелегені»,— деп, ұлы ұстаз бейнесін айшықтай түссе, енді бірде: «Жазушы Әуезов—с аңлақ суреткер, көркем сөздің хас шебері. Сөз өнері—Әуезовтің бірден—бір және ғұмырлық стихиясы»деген жолдар арқылы оның жазушылығына  аса зор мән береді. Осыған қарап, ұстаз және қаламгер бейнесінің туындының басты өзегі екеніне көз жеткіземіз.

Түйіндей келе, З.Қабдоловтың «Менің Әуезовім» роман-эссесінің өн бойында М.Әуезовтің саналы ғұмыры мен қызметінің өзара сабақтас ұстаздық және жазушылық ұғымдары ерекше дараланып көрінеді. Осындай ізгілікті ұғымдарды күллі өміріне серік еткен ұлағатты тұлғаның  өсиет-өнегесі өскелең ұрпақ үшін аса қымбат қазына екендігіне күмән жоқ.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (2)

Ерсымбат

Әуезовқа қандай баға береді?осы романда

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз