Өлең, жыр, ақындар

2019 — біздің жыл!!!

Келесі жылды жастар жылы деп жариялап, іс-шаралар өткізу керек,оған біздің тәжірибеміз бар.                                           

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев.

Жастар — мемлекет тарапынан болатын қамқорлықтың негізгі обьектісі мен еліміздің даму сапасына тікелей әсер етуші болып табылады. Елбасымыз өз жолдауында алдыға стратегиялық мақсат қойды, яғни 2050 жылға дейін әлемдегі озық дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Елімізді өркендету үшін білімді жастар керек,жақсы оқып, жан-жақты білім мен, ғылым алуымыз керек. Елбасымыз жастарға арнап жасаған бағдарламаларын дұрыс пайдалана біліп, жан-жақты болуымыз қажет.Ел ертеңі-біздердің, келер ұрпақтың  қолында деп айтылып та, жазылып та жатыр.Қазіргі кезде елімізде жастардың саны 4 миллион төңірегін қамтиды. Барлығымыз бір үйдің баласындай бірігіп,өз үлесімізді қосып кіріссек, Тәуелсіз Қазақстан биік шыңдардан көрінетініне сенемін.Елімізді көркейту, оны өзімізден кейінгі ұрпаққа жеткізу Қазақстан Республикасының әрбір азаматының борышы деп білемін. Жастар еңбекқор болып, өз кәсібін жақсы меңгеріп,жеке кәсіп ашып,оны дамыта білсе еліміздің табысы артатынына Елбасымыз сенім білдіріп отыр. Шәкәрімнің: «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым болатын адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Бұл саналар адамды дүниеге келген күннен бастап тәрбиелейді»- деген сөзі бекер емес. Тек адал еңбекпен ғана үлкен белестерді бағындырып, қандай мықты мемлекет екенімізді танытып, дәлелдей аламыз.Елбасымыздың Қазақстанның болашағы үшін жасаған әрбір жолдауларына әрбіріміз үлес қоссақ, ұрпағымыздың болашағы кемел болмақ. 

2019 жыл — еліміздің тарихында алтын әріппен жазылатын, дамыған елдің алдыңғы қатарынан орын алатын елдің бірі болатынына сенім білдіремін. Әрбір Қазақстанның білім алып жатқан, белгілі бір салада жұмыс атқарып жатқан азаматтары өз Отанының патриоты болса елім биіктерден көрінеді. Мен оқуды үздік аяқтап,білікті маман атанып, Қазақстан Республикасына адал қызмет атқарып, Елбасымның жасаған әрбір  Жолдауларын жүзеге асыруға өз үлесімді қосамын!

Жамбыл Айсулу Даниярқызы
Әл-Фараби атындағы  Қазақ Ұлттық университетінің
3-курс студенті


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз