Өлең, жыр, ақындар

Жаңартылған білім беру – заман талабы

Кілттік сөздер: «Жаңартылған білім беру», «дəстүрлі білім беру», «үш тұғырлы тіл саясаты», «тəрбие», «білім беру», «Елбасы», «рухани жаңғыру»

Аннотация: мақалада қазіргі таңдағы Қазақстандағы жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқушылардың дағдыларын қалыптастырудың теориялық негізі қарастырылған. Сонымен қатар, жаңартылған білім бағдарламасы қалай оқыталады. Мақала тақырыбы бойынша көптеген педагогикалық əдебиеттер зерттеліп, əр түрлі ғалымдардың еңбектері пайдаланылды. Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқушылар өз дағдыларын қалай қалыптастырады. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сінген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек» деп айтылған. Соған байланысты ұлттық тəрбие – рухани жаңғырудың негізін қалыптасуы керек.

Тəуелсіз елдің негізгі тірегі  - білімді ұрпақ. Қазіргі таңда білімдінің алға түсіп, бəйгеден озып келетін заманы енді туды.    Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Біздің тəрбие жұмыстарының негізгі мақсаты: рухани дүниесі бай, денсаулығы мықты, азаматтылығы гуманизммен ұштасқан, инновациялық, əлеуметтік -мəдени өзгерістерге қабілетті XXI ғасырға лайықты, тұлғаның патриоттық сана-сезімін қалыптастыру мен дамытуға жағдайлар жасау.

Тәуелсіздік жылдарында еліміз екі процесті – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қатар жүргізіп, белгілі бір нәтижеге жетті, қазіргі уақытта жаңа тарихи кезеңге – Рухани жаңғыру кезеңіне аяқ басты. Рухани жаңғыру бізден ұлттық санамызды қалыптап, бәсекеге қабілетті болып, кез-келген мәселеге прагматистік тұрғыдан келуді, жалпы алғанда ұлттық бірегейлігімізді сақтай отырып дамуымызды талап етеді. Рухани жаңғырудың ең басты шарты – «білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу» Өйткені, ҚР Тұңғыш Президенті «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты Бағдарламалық мақаласында атап көрсеткендей, «табысты болудың ең іргелі басты факторы білім екенін әрқайсысымыз терең түсінуіміз керек… Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді». Бұл жерде әңгіме еліміздің болашағы туралы. Оның ертеңі – жас ұрпақтың қолында. Бүгінгі жас ұрпақ, болашақ маман Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында көрсетілген міндеттер бойынша: «Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды игеріп, ғылым мен практика жетістіктеріне негізделген білім алулары керек». Ендеше, біздің ұстаздарымыз оқытудың жаңа технологияларын енгізіп, білім беруді ақпараттандырып, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу арқылы оқытуды сауатты, сапалы жүзеге асырып, мамандардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастырғанда ғана қоғамымыздың дамуына елеулі үлес қоса алады. Бұл істердің барлығын жүзеге асыратын еліміздің ұстаздар қауымы. Ендеше, бүгінгі ұстаздар қауымына қойылатын талап та жоғары болмақ. Олар жан-жақты, әлемдегі жаңалықтардан мағлұматы бар, үнемі шығармашылық ізденістегі, кәсіби біліктілігін шыңдайтын жеке көзқарасы бар, соны қорғай білетін жігерлі тұлға, зерттеушілік қабілеті бар, білімді де білікті, көп оқитын, көп тоқитын, білімін күнделікті ісіне шебер қолдана білетін, өзінің оқушысын өз бетінше білім алуға баулитын кәсіби маман иесі болуы керек. Бұл өмір талабы. Ұстазда ұйымдастырушылық, құрылымдылық, бейімділік, сараптамалық қабілеттердің де болуы шарт.

Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ – ны қолдану, коммуникативті қарымқатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді курс барысында ұғындық. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі. Спиральділік қағидаты бойынша құрылған оқу бағдарламасы Джером Брунердің «Білім беру үдерісі» (1960) атты еңбегінде қарастырылған танымдық теорияға негізделеді. Оған оқу мақсаттарын зерделей отырып тапсырмаларды, сабақтарды құрастыру барысында көз жеткіздік. Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериалды бағалау жүйесіне өтеді. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Баланың жан-жақты ізденуіне ынталандырады. Бұл бағалау жүйесінің артықшылығы, баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналасуға ықыласын туғызады. Кеңестік заманнан қалған бес балдық бағалау жүйесі жойылды. Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үрдісінің ажырамас бөлігі болып табылады және тоқсан бойы жүйелі түрде өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүргізіле отырып, оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және балл немесе баға қоймастан оқу үрдісін түзетіп отыруға мүмкіндк береді. Жиынтық бағалау оқу бағдарламасының бөлімдерін (ортақ тақырыптарын және белгілі бір) оқу кезеңін (тоқсан, оқу жылы, орта білім деңгейі) аяқтаған оқушының үлгерім туралы ақпарат алу мақсатында балл және баға қою арқылы өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау барлық пәндер бойынша қолданылады. Критериалды бағалау жүйесі Филиппин, Сингапур, Жапония, Франция, Финляндия сынды дамыған елдерде пайдаланылады. Кіріктірілген білім беру бағдарламасында қазақ тілі пәнінің берілу жайы да өзгеше. Бағдарлама оқушының төрт тілдік дағдысын: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымды жетілдіруге бағытталған. Бұл төрт дағды оқу жоспарында «Шиыршық әдісімен» орналастырылған және бір-бірімен тығыз байланысты. Айталық, қарапайымнан күрделіге қарай шиыршық бойымен дамып, өрлей түскені жай ауызекі тілде ғана ойын жеткізуден, күрделі мәтіндер құра білу дағдылары шыңдалып, тілдік құзыреттіліктері шыңдала түседі. Бүкіл әлемде білім беру жүйелерінің келешек ұрпаққа қандай білім беретіні туралы мәселе қайта қаралуда. Осы мәселе аясында «Балалар ХХІ ғасырда табысты болу үшін нені оқыту керек?» және «Оқытудың тиімді әдістері қандай?» деген сияқты негізгі сауалдар туындайды. Бұл сауалдар оқу бағдарламасымен және оқу бағдарламасын жүзеге асыруда пайдаланылатын педагогикалық әдістемелермен тығыз байланысты. Қарқынды жаһандану, сондай-ақ, ұлттық экономикаға да ықпал етуде және қазіргі уақытта экономикалық дамуды қамтамасыз етуге бағытталған халықаралық бәсекелестік артты. Білім беру жүйесін жаңартуға арналған бұл экономикалық дәлелдерге қоса, қазіргі жиырма бірінші ғасырда басқа да негіздер бар: байланысқа бейімділікті арттыру, әлеуметтік өзгерістер, ауа райының өзгеруімен байланысты мәселелер, бүкіл әлемдегі халықтың қарқынды өсуі, заманауи әлеммен өзара табысты байланысу үшін қажетті және келешек күннің әлемімен өзара байланысу үшін қажетті дағдыларды қазіргі таңдағы мектеп жасөспірімдері талап ететін шектеулі ресурстарға деген сұраныстың өсуі. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейінежеткізу керек. Мектеп бітіруші түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс» деп атап көрсеткеніндей, қазіргі таңда елімізде жаппай білім беру мазмұны жаңартылуда. Жаңартылған бағдарлама бойынша әлемдік білім беру жүйесі бәсекеге қабілеттілікке қарай білім алушыны баулу, қоғамнан өз орнын таба білетіндей сапалы маман болуына бағытталынған. Ал осы уақытқа дейін біздің елімізде жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар күтілетін нәтижеге көз жеткізбей, түрлі әсер етуші факторлар ықпалымен мамандық таңдап, ақыр соңында сол оқыған мамандықтары бойынша жұмысқа тартыла алмай отырғаны бәрімізге белгілі. Орта білім мазмұнын жаңарту аясында әзірленген оқу бағдарламалары оқушылардың бір сыныптан екінші сыныпқа өтуі кезінде білімі мен дағдылары қайталанып тексеріліп отыратын спиральділік қағидаты бойынша құрылған оқу бағдарламасы моделіне негізделген. Оқу үдерісінің алға ілгерілеуі айқан көрінуі үшін, оқу мақсаттары өзара тоғысқан бөліктер мен бағыттарға біріктірілген. Айталық, қарапайымнан күрделіге қарай шиыршық бойымен өрлей түскені жай эссе жазудан әңгіме тіпті повесть жаза алатындай дағдыға ие болып, тілдік құзыреттіліктері шыңдала түседі. Мұғалімдердің пайдаланатын оқыту әдісі оқушыларды оқытудың ең жоғары стандарттарын қамтамасыз ету үшін маңызды. Осы орайда жаңа бағдарламаны меңгеру барысында ерекше есте қалған мына әдіс-тәсілдер сабақтың тиімді өтуіне, оқушы бойында қажетті 4 дағдыны (тыңдалым, айтылым, жазылым, оқылым) қалыптастыруға ықпал ететіні сөзсіз: «Қабырғадағы роль», «Ыстық орындық», «Пікірлер сызығы», «Саналылық аллеясы», «5 сұрақ, 5 жауап», «5 қадам», «Драма әдісі», «Маңыздылық аймағы», графикалық органайзерлер – «Дара диаграмма», «Қос диаграмма», «Оқиға тауы», «Хикая картасы», «Стоп кадр» т.б
Мұғалімдер пайдаланатын әдіс оқудың тиімділігіне елеулі әсерін тигізеді. Критериалды бағалау екіге бөлінеді: қалыптастырушы жəне жиынтық.          

Қалыптастырушы бағалау оқу үдерісінің ажырамас бір бөлігі болып табылады, тоқсан барысында мұғалім тарапынан жүйелі өткізіліп отырады. Күнделікті тəжірибеде білім алушылардың ілгерлеуін, меңгеру деңгейін  өлшеу үшін қалыптастырушы бағалаудың түрлі əдістерін қолдануға болады: «Екі жұлдыз, бір ұсыныс», «Бағдаршам», «Бір минуттық эссе», викториналар, сұрақтар т,б.  Жиынтық бағалау белгілі бір кезеңде оқу бағдарламасы мазмұнын меңгеру деңгейін анықтауға, тіркеуге мүмкіндік береді. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі – спиральді қағидатпен берілуі. Спиральді қағидат бойынша құрылған білім беру бағдарламасы Джером Брунердің «Білім беру үдерісі» атты еңбегін де қарастырылған. Брунердің жұмысына негізделген спиральді білім беру бағдарламасының ерекше сипаттары: оқушы мектепте оқыған кезде тақырыпты немесе пəнді бірнеше рет қайталап оқиды; əрбір қайталап оқыған сайын оның күрделілігі арта түседі; жаңа білім алдыңғы біліммен тығыз байланысты жəне бұған дей ін алынған ақпарат тұрғысынан қарастырылады. Əр пəннің өзінің жеке сөйлеу стилі бар, оны нақты пəннің «академиялық тілі» деп атауға болады. Тілдік мақсаттар академиялық тілді үйрену үшін маңызды құрал болып табылады. Оқушылардың өздерінен қандай нəтиже күт ілетінін түсінуі тілдік мақсаттардың анық құрылуына байланысты. Сондай-ақ, тілдік мақсаттар мұғалімдер мен оқушылардың оқуға деген ынтасын арттырып, қолдауына көмектеседі. Пəн мұғалімдері оқушылардың пəн мазмұнын меңгеріп, академиялық тілді дамытуына қолда у көрсетеді. Оқушы жетістігін нақты бағалау – білім беру жүйесіндегі өзекті мəселелердің бірі. «Мұғалім көп әдісті білуге тырысуы керек. Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек»,-деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, қазіргі заман талабына сай білім беру мәселесі сол қоғам мүддесіне сай болуы керек. Өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге жетеді.

Қорытындылай келе, жоғарыда келтірілген тұжырым Қазақстанда білім беру саласына өзгеріс қажет екенін анық көрсетеді. Технология, коммуникация мен ғы лым салалардағы мұндай елеулі өзгерістер əлемдік экономикаға айтарлықтай ықпал ете отырып, 21 ғасырда табысты болу үшін əрбір азаматқа қажетті білім мен дағдыларды алға тартады. Білім беру бағдарламасының мазмұны, педагогикалық тəсілдер жəне бағалау тəсілд ері бір мақсатқа жұмылдырылуы тиіс. бұл жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша менің көкейге түйгенім: алдымызға бір мақсат қоя отырып, сол мақсатқа жету жолында шəкірттердің жүрегіне жол тауып, əрекеттендіре білу шеберлігіне жетсек, егемен елдің ұл -қыздары білімді де білікті болып шықпақ. Соның арқасында біз бəсекеге қабілетті, іргесі мықты ел боламыз. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бəсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - əр мұғалімнің борышы. Ол өз кəсібін, өз пəнін , барлық шəкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам. Ұстаздықтың ұлы жолында өзімнің бар күш жігерімді салып, еліме пайдамды тигізіп жатсам, бұл ғаламда одан артық бақыт жоқ деп ойлаймын.

Қолданылған әдебиеттер

1. http://www.akorda.kz/kz/events/akorda_news/press_conferences/memleket-basshysynyn-bolashakka-bagdar-ruhani-zhangyru-atty-makalasy «рухани жаңғыру» Елбасының халыққа жолдауы
2. Ишанғалиева А.М. Құзыреттілік — білім мен мүмкіндіктің бірігуі // Шетел тілін оқыту əдістемесі. — — № 2. — 34-б.
3. Бабаев С., Қазиева К. Педагогикалық инновациялар мен педагогикалық озат технологиялар — талапшаң мұғалім еншісі // Бастауыш мектеп. — 2011. — № 4. — 25-б.
4. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың «Əлеуметтік-экономикалық жаңғырту — Қазақстан дамуының басты бағыты» атты халыққа жолдауы // Егемен Қазақстан., 2012. — № 41–42 (27114). — 28 қаңт.
5. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы // Қазақстан мұғалімі. — 1999. — 23 шілде. — 2–5-б.
6. Полат Е.С. Интернет на уроках иностранного языка // Иностранные языки в школе. — 2001. — № 3.
7. Государственная программа развития образования в Республике Казахстан на 2011-2020 годы / www.edu.gov.kz/ru/zakonodatelstvo
8. Об особенностях преподавания основ наук в общеобразовательных организациях (в том числе, реализующих инклюзивное образование) Республики Казахстан в 2014-2015 учебном году. Инструктивно-методическое письмо. – Астана: НАО им. И. Алтынсарина, 2014. – 181 с.
http://www.edu.gov.kz/sites/default/files/mon_rk_imp_2014-2015_gg._rus_.doc
9. Пригожин А.И. Нововведения: стимулы и препятствия (социальные проблемы инноватики). – М.: Политиздат, – 271 с.
10. Медведев В.П. Инновации как средство обеспечения конкурентоспособности организации. – М.: Магистр, – 159 с.
11. Исследовательские университеты США: механизм интеграции науки и образования / под ред. проф. В.Б. Супяна. – М.: Магистр, 2009. – 399 с.
12. Кервенова М.М., Абенова К.М. Білім беру жүйесі Білім беру ТехнологияҚарағанды университетiнiң хабаршысы
13. Мұғалімге арналған нұсқаулық Үшінші (негізгі) деңгей. 2012ж
14. ҚР орта білім мазмұнын жаңарту еңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пәндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы.2016ж
15. Н.Ә.Назарбаев “Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты” атты Жолдауы, 2012.
16. ҚР Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Астана, 2011.
17. ҚР Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Астана, 2010. https://alashainasy.kz/ustazdar_ustahanasy/janartyilgan-bagdarlama--blm-berudeg-jana-mazmun-103589/

Ерлан Русланұлы Баймағамбетов Муталиева Дареже Рашидовна


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар