Эссе және өлең-жыр байқауы

09.06.2019 жылы – ҚР Президентін сайлау күні

                                                                                                      09.06.2019 жылы – ҚР Президентін сайлау күні  
                                                                                                                  Баймағамбетов Ерлан Русланұлы

Сайлау бюллетені оқтан да күшті.

Авраам Линкольн

ҚР Президенті Қ.К. Тоқаев Елімізге қатысты аса маңызды үндеу жариялаған еді. Еліміздің Конституциясына сəйкес ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын 2019 жылдың 9 маусымында өткізу туралы шешім қабылдады.  ҚР Президенті Қасым – Жомарт Тоқаевтың қазақ халқына үндеуінде 9 маусымда ел Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы шешімін қолдаймын жəне оның маңызды қадам екені тайға таңба басқандай. Қазақстан Республикасы – демократиялық мемлекет. Қазақстан жауапты кезеңге қадам басты. «Сайлау құқығы» түсінігі көпмағыналы болып табылады. Мен оны екі мағынада қарастырамын: объективтік жəне субъективтік. Объективтік мағынада сайлау құқығы – бұл мемлекеттің өкілді органдарын жəне жеке лауазымды тұлғаларын сайлау тəртібін реттейтін нормалардың жиынтығы. Субъективтік мағынада сайлау құқығы – бұл азаматтың мемлекеттің сайланбалы органдары мен тұлғаларын құруға, қалыптастыруға қатысу құқығы. Бірінші Президенттік сайлауда 1991 жылы өткен президент сайлауына кандидат ретінде Нұрсұлтан Назарбаев тіркелді. Сайлау кезінде ол 98,8% дауыс жинады. Одан кейін де қаншама президенттік сайлау өтті. Сол кездерде де Елбасы, ерен тұлға Нұрсұлтан Назарбаев жеңіп шықты. 2019 жылы болатын Президенттік сайлау – мен өз таңдауымды жасап жəне əділ де ашық түрде өтеді деп ойлаймын. Дауыс беру – азаматтық парызым. Менің ойымша, алдағы уақытта өтетін президенттік сайлау – зор 
болашақтың бастамасы. Қазіргі кезде «Nur Otan» партиясында көптеген белсенді, тəжірибелі, абыройлы, Қазақстанның болашағына алаңдайтын азаматтар өте көп. Мен осы сайлаудан үлкен үміт күтеміз. Өйткені, бұл біздің болашағымызды, ертеңімізді айқындайтын, айдында жүзген кемеміздің бағытын айқындайтын ұлт көшбасшысы керек. Тəуелсіз Қазақстанның болашағын басқаратын президентті жастар қолдап, əділ сайлау арқылы таңдауы керек. Жастар осы сайлауда жауапкершілікпен қарайтындығына сенемін. Сайлау ол ең маңызды халықтың таңдауы, мемлекет тағдырын тұлға қолына сеніммен тапсыруы. Еліміздің болашағы жəне əр ҚР азаматының тағдыры сайлауға шешіміне байланысты болғандықтан мен сайлауға барынша жауапкершілікпен қараймын. Сайлау арқылы мен ертеңгі күніміздің не болатынын анықтап алуымыз керек. Яғни, Президенттік сайлау – əлеуметтік жəне экономикалық тұрақтылықтың пікірі. Мен осы сайлауда «Nur Otan» партиясы жеңіп шығады деген үміттемін жəне сенемін. 


Қарап көріңіз

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

×