Эссе және өлең-жыр байқауы

Мұғалімдерге іс-әрекеттегі зерттеу жұмысын ұйымдастыру бойынша бағдар беру

Қазіргі  таңдағы білім берудің барлық сатыларындағы түбірлі өзгерістер оқыту процесіндегі жаңаша көзқарасты, білім берудің жаңа тиімді технологиясының, белсенді оқыту әдістерінің кеңінен енуін туындатып отыр. Еліміздің болашағы өскелең ұрпақтың рухани байлығы мол, білімді, кәсіби біліктілігі жаңалыққа сай жоғары дәрежеде болуын қажет етіп отырғаны белгілі. Білім берудегі басты мақсат - ой-өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, дүниетанымы жоғары, жан-жақты қалыптасқан  жеке тұлға даярлау. Екінші деңгей бағдарламасы әлемдік білім беру тәжірибесінде орын алған мұғалімді мектептерге инновациялық қызметті "жеткізуші" деп қабылдайтын пікірмен астасады, оған оқушылардың бойында қалыптастыратын дағдыларға қойылатын талаптардың да түбегейлі өзгеруі себеп болып отыр.Бұл өзгерістер белгілі бір құзыреттіліктерге айтарлықтай әсер етеді, оқушыларда ХХІ ғасыр дағдыларын тиімді қалыптастыра  алу үшін мұғалімдердің өздері де ол дағдыларды меңгеруге тиіс.Инновацияларды енгізуге қатысты сұрақтардың бірі - тәжірибеде нені өзгерту керек және шынайы сыныпта жаңалықтарды  жүзеге асыру болып табылады.(МАН14,86 бет)  Сондықтан да Іс-әрекеттегі зерттеу мұғалімдерге жүйелі түрде тәжірибе туралы ойланудың күшін көрсете алады.Оқытушы кәсібінің табыстылығының құпиясы - үздіксіз өсу және білім алуда.Оқытушылар үшін іс-әрекеттегі зерттеу практикалық тәжірибені пайдалана отырып, одан әрі өсу және оқуды жалғастыру тәсілі болып табылады.Сонымен, іс-әрекетті зерттеу бұл- әрекеттер мен олардың салдарын жүйелі түрде зерттеумен қоса, оқыту мен оқуды жетілдіру мақсатында іс-әрекетті орындау үдерісі. Сондықтан, мектеп мұғалімдеріне іс-әркетті жүргізу туралы түсінік қалыптастыру мақсатында мектеп тренерлер бір-бірімен сұхбат әңгіме жүргізді. Іс-әрекетті зерттеу жұмысының алгоритмімен таныса отырып, тренерлерге бағыт-бағдар берілді. Яғни, іс-әрекетті зерттеу қалай жүргізіледі? деген сауалға білімімізбен бөлісе отырып, қадамдарын нақтылап, бір-бірімізге түсіндірдік. Ол қадамдар төмендегідей жұмысты қамтиді:

1. Проблемалы салаларды анықтау: Мұғалімдерде тәжірибе барысында туындайтын, жауап алуды қалайтын бірқатар өзекті сұрақтары болатыны сөзсіз, алайда сұрақтардың арасынан күнделікті жұмыста аса маңызды және қызықты болып табылатын бір мәселені анықтап алу маңызды. Бұл іс- әрекеттегі зерттеудің бірінші кезеңі болып табылады. Бұл кезеңде жан-жақты жоспарлау зерттеуді бастағанда қателікті болдырмауға көмектеседі, әрі мәселені зерттеу барысында көңілі қалмай, ынтамен жұмыс істеуге септігін тигізеді.

2. Әдебиетті пайдалану және шолу: Әдебиеттер көздеріне шолу жасаудың пайдалылығын және оны жасау керектігін растайтын үш негіз бар: 1. Сіз қызығушылық танытып отырған сала туралы белгілі бір жағдайлар туралы сізді құлақтандыруға және сізге осы саладағы басты идеяларды айқындауға көмектеседі; 2. Қазіргі бар әдебиетті іздестіру барысында сіз қаралып отырған мәселе мен басқа пәндік салалардың арасындағы өзара байланыс жөнінде түсінік аласыз. Осылайша, тақырып туралы едәуір қомақты білім аласыз, сонымен қатар сіздің осы тақырып бойынша біліміңізді тереңдете түсетін, зерттеуге әбден лайық жаңа салаларды анықтауға мүмкіндік аласыз; 3. жұмысқа кірісіп, осы саланы зерттеумен айналысып отырған басқа да адамдардың әдістерін зерделеп, сіз олардың ортақ білімге қосқан үлестерімен танысасыз. Нәтижесінде әрбір зерттеуші тақырыпты қалай зерделегені туралы түсінетін боласыз.

3. Деректерді жинақтау: Деректерді жинақтау қандай іс-әрекеттер қабылдану тиістігін айқындауда маңызды кезең болып табылады. Деректердің кейбір көздері сыныпта немесе мектепте не болып жатқанын жақсы түсіну үшін көмектесе алады

4. Деректерді түсіндіру: Бұл дереккөздерді логикалық санаттарға ұйымдастыруға және топтастыруға жәрдемдеседі. Ұсынылған құралдарды пайдалана отырып деректерді өзгерткеніңізге дейін ең маңызды көздерді іріктеуге назар аударыңыз.

5. Деректермен жұмыс істеу: Іс-әрекеттегі зерттеудің эксперимент түрінде жүретіндігін ескеріп, тек бір ғана айнамалының өзгергені маңызды болып табылады. Егер бірнеше көрсеткішті бір мезгілде өзгертетін болсақ, кез келген экспериментте болып жататындай, бұл нәтижені қандай көрсеткіш тудырғанын анықтауда қиындықтар туындауы мүмкін.

6. Нәтижелерді бағалау: Жақсару бар ма екенін көру үшін зерттеудің ықпалы бағалануы тиіс, оны мынадай сұрақтарды қою рқылы анықтауға болады: Жақсару шын мәнінде болды ма және де алынған деректер мұны растай ма? Егер тәжірибе жақсармаса, жақсы нәтижелерді алу үшін іс-әрекетке қандай өзгерістер енгізу керек? Осы сұхбат нәтижесінде мектеп тренерлеріне мектепішілік семинар өткізу  тапсырылды


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Басқа сайттағы жаңалықтар:

Жүктелуде...