Өлең, жыр, ақындар

Махмұд Қашқари

Махмұд Қашқари ( 1029—1101) - түркі ғалымы, әйгілі «Диуану лұғат-ит-түрк» («Түркі сөздерінің жинағы») атты еңбектің авторы. Толық аты жөні Махмұт ибн әл Хұсейн ибн Мұхаммед. Туған жері қазіргі Қырғызстан жеріндегі Ыстықкөл жағасындағы (кей деректе Шу бойындағы) Барсхан қаласы. Ыстықкөл маңындағы болған Барысхан қаласында әскерилер отбасында дүниеге келген. Қарахан әулетінен. Қашқарда, Бағдатта білім алған. Византия, Түркия, Қытай және басқа елдерді аралаған. Түркі тілімен қатар, араб және парсы тілдерінде де еңбектер жазған. «Диуани лұғат ат-түрік» - Қ. ең ұлы шығармасы. Онда көшпелілердің ой әлеміне қатысты да тамаша мұра жинақталған. Бұл тамаша энциклопедиялық туынды 1072-1078 жылдары Бағдатта жазылған. Түпнұсқасы жоғалып кеткен. 1206 жылы М.А.Абулфатх жасаған жалғыз көшірмесі Стамбулда сақтаулы.


Нақыл сөздері

Жасында тырысқан - қартайғанда қуанады.

Ілмектер: жастық шақ, қарттық Махмұд Қашқари

Білім қалар артыңда, ғұмыр сырғып жоғалар.

Ілмектер: білім, ғұмыр Махмұд Қашқари

Кекті тайдыр жолыңнан,
Әділдікті саяла.

Ілмектер: кек, әділдік Махмұд Қашқари

Ашу қысса - ақылың ғайып болады.

Ілмектер: ашу, ақыл Махмұд Қашқари

Кішілік пен кісілік— ұлылықтың белгісі.

Ілмектер: қарапайымдылық Махмұд Қашқари

Ақ көңілі сәбидей, сенгіш келер ұлы адам.

Ілмектер: Ақ көңіл, пәктік Махмұд Қашқари

Кісілік пен кішілік- ұлылықтың белгісі.

Ілмектер: Кісілік, әдептілік, Кішіпейіл Махмұд Қашқари

Ұяты бармен-ұрыс,
Ұятсызбен-ұстаспа.

Ілмектер: Ұят, дәйексөз Махмұд Қашқари

Қарап көріңіз