Өлең, жыр, ақындар

Освальд Шпенглер

Освальд Шпенглер (1880–1936) — неміс философы. XX ғасырдағы аса атышулы философиялық концепциялардың бірінің авторы. «Европаның күйреуі» (1918–1922), «Торығу» («Пессимизм») (1921), «Адам жəне техника» (1931) жəне басқа дүниелер жазған. Алғашқы шығарма қазіргі батыстық дүниетанымға айырықша ықпал еткен деп есептеледі.


Нақыл сөздері

Ұлттар дегеніміз — қала салушы халықтар.

Ілмектер: ұлт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, халық, қала Освальд Шпенглер

Халық дегеніміз — өздерін бір бүтін сезінетін адамдардың ортақ бірлестігі.

Ілмектер: халық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, адам, бірлестік Освальд Шпенглер

Халық басқа халықтармен салыстырғанда ғана ақиқатқа айналады.

Ілмектер: халық, ақиқат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер

Ең басты міндет — өз қолыңмен бірдеңе жасап көру.

Ілмектер: міндет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер

Егер соборлар мен пирамидалардың керемет архитектуралары бейкүнə жанның бөтен күштерге шалған құрбандығы екендігін мойындамайтын болсақ — біз ешқашанда олардың сырына қана алмаймыз.

Ілмектер: пирамида, архитектура, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер

Біз ойға алғанның бəріне қол жеткізерліктей еркін емеспіз, бірақ қажеттіні істеп-істемеуге еріктіміз.

Ілмектер: ой, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер

Мораль — ешқашан да ақиқатқа айнала алмайды: олай болса бүкіл дүние əулие болып кетер еді.

Ілмектер: мораль, ақиқат, дүние, әулие, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер

Қанша мəдениет болса — сонша мораль бар.

Ілмектер: мəдениет, мораль, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер

Жан — бас тартқандықтан, ми — басқару билігін өз қолына алады.

Ілмектер: жан, ми, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, билік Освальд Шпенглер

Не батыр, не əулие ғана болуға болады: ортасында даналық емес, күйбең тірлік жатыр.

Ілмектер: батыр, әулие, даналық, тірлік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер

Əлем жай тірі тұрған жоқ.

Ілмектер: әлем, құпия, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер

Əлем тарихы дегеніміз — қала адамының тарихы.

Ілмектер: әлем, тарих, қала, адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер

Математика да — өнер: оның өз стильдері мен стильді кезеңдері бар.

Ілмектер: Математика, өнер, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, стиль, кезең Освальд Шпенглер

Мəдениет адамдары — түйсіксіз, дерекке сүйенетін адамдар — түйсікпен өмір сүреді.

Ілмектер: Мəдениет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, өмір, дерек, түйсік Освальд Шпенглер

Адамдар саясат деген ұғым төңірегінде қажеттіліктен əлдеқайда көп ойланғаны байқалады. Олар есесіне шын саясатты бақылау жайын əлдеқайда нашар білгенге ұқсайды.

Ілмектер: саясат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер

Текіскер адам, тағдырлы адам ғана ақиқат əлемінде, ұғымдармен жүйелер дегенді білмейтін таза саяси, əскери жəне экономикалық шешімдер əлемінде өмір сүреді.

Ілмектер: тағдыр, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ақиқат, саясат, әскер, экономика, әлем Освальд Шпенглер

Масса дегеніміз — құрып біту, барып тұрған түкке тұрмастың өзі.

Ілмектер: Масса, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер

Сүйіспеншілік ойша əлемдік тəртіп жасауға негізделеді: ондағы басты нəрсе — орнықтылық.

Ілмектер: Сүйіспеншілік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, тәртіп, орнықтылық Освальд Шпенглер

Ұзақ өмір сүретініне сенгеніңді ғана сүйе аласың.

Ілмектер: өмір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер

Кез-келген дін жарыққа жақын тұрады.

Ілмектер: дін, жарық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер

Қарап көріңіз