Өлең, жыр, ақындар

Саиф Сараи

Саиф Сараи (1321, Сарайшық қаласы — 1396 ж. ш., Мысыр) — қыпшақ ақыны, Алтын Орда дәуірі әдебиетінің көрнекті өкілі. Хан ұрпақтары арасындағы тақ таласы тұсында туған жерінен кетіп, өмірінің соңғы кезеңін мәмлүктер билігіндегі Мысырда өткізді. Саиф Сарайды Ә.Наджип қазақ халқының негізін құраған қыпшақ тайпасынан шыққан деп есептейді. Бізге жеткен елеулі еңбегі — бес мың жолға жуық түркі (қыпшақ) тіліндегі “Гүлстан бит-түрки” (1391) туындысын Сарайшықта бастап, Египеттегі Ніл өзені бойында аяқтаған. Дастанның негізгі бөлімі Сағдидің “Гүлстан” шығармасының еркін аудармасынан тұрады, сондай-ақ оған өзімен тұстас сегіз шайырдың ғазалдары, ақынның өзі жазған лирикалық өлеңдері, нақыл, ғақлия, толғаулары енген. Саиф Сарайдың бұл поэмасы 14 ғасырдағы қыпшақ әдебиетінде қалыптасқан әдеби дәстүр, озық поэзия үлгісі болған. Саиф қолжазбасы 1915 ж. белгілі болды, оның фотокөшірмесі Анкарада (1954), орыс әліпбиі негізіндегі транскрипциясы Ташкентте (1968) басылды.


Нақыл сөздері

Сорлы есектің құны жоқ - жүк көтерер күші қымбат.

Ілмектер: есек, жүк, құн, қымбат Саиф Сараи

Адамға шабатын арыстаннан - жүк таситын есек артық.

Ілмектер: арыстан, есек, адам, пайдасыздық, керексіздік Саиф Сараи

Өзіңнен қорқатын адамнан сақтан.

Ілмектер: қорқу, сақтану Саиф Сараи

Ізгілік пен әділдік өлмейді.

Ілмектер: ізгілік, әділдік Саиф Сараи

Кәрілік келсе - жігіттіктен қол үз: өзен кері ақпайды.

Ілмектер: кәрілік, өмір, өзен Саиф Сараи

Адам ішіп-жеу үшін ғана өмір сүрмейді.

Ілмектер: адам, ішу, жеу, өмір Саиф Сараи

Сапты аяқпен ас беріп, сабынан қарауыл қарама.

Ілмектер: ас, тәрбие, өсиет Саиф Сараи

Адам — бір оқтық.

Ілмектер: адам Саиф Сараи

Туралық - хақтың мейірі.

Ілмектер: туралық, мейірім Саиф Сараи

Жаманмен жолдас болма.

Ілмектер: жолдас, дос Саиф Сараи

Бейнет көрмегенге - зейнет те жоқ.

Ілмектер: бейнет, зейнет, еңбек Саиф Сараи

Көзеге не құйсаң - соны ішесің,
Көшеге не ексең - соны орасың.

Ілмектер: еңбек, нәтиже Саиф Сараи

Құлыңды көп жәбірлей берме: қожасына - бұғау салынып, құлы бостандық алатын да күн туады.

Ілмектер: құл, қожайын, күн, бостандық Саиф Сараи

Тырнағанмен темір таты кетпейді.

Ілмектер: пайдасыздық, темір, тат Саиф Сараи

Алдында тұрсаң - жуас қойдай: сені «дос» деп біледі,
Артында тұрсаң - аш бөрідей теріңді тіледі.

Ілмектер: дос, бөрі Саиф Сараи

Қиын күнде қол ұшын берген - нағыз дос,
Жайшылықта доспын деген - жай сөз.

Ілмектер: дос, сөз Саиф Сараи

Ер адам кек сақтамайды.

Ілмектер: ер, кек Саиф Сараи

Әркім өзінің білетін ісімен айналысқаны жөн.

Ілмектер: іс Саиф Сараи

Кісінің көңіліне қара.

Ілмектер: көңіл, өсиет Саиф Сараи

Әдепсіз келінге - әдемі киім жараспайды.

Ілмектер: әдеп, келін, киім Саиф Сараи

Қарап көріңіз