Өлең, жыр, ақындар

Мұхтар Әуезов

Мұхтар Омарханұлы Әуезов – қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі (1946), филология ғылымдарының докторы, профессор (1946), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957).
Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы жерінде 1897 жылы жиырма сегізінші қыркүйекте туған. Алғашқыда 1908 жылы Семейдегі Камалиддин хазірет медресесінде оқып, одан кейін орыс мектебінің дайындық курсына ауысады. 1910 жылы Семей қалалық бес кластық орыс қазына училищесіне оқуға түсіп, соңғы класында оқып жүргенде «Дауыл» атты алғашқы шығармасын жазады.

Училищені 1915 жылы аяқтап, Семей қалалық мұғалімдер семинариясына түседі. Семинарияда оқып жүріп Шәкәрім Құдайбердіұлының «Жолсыз жаза» дастанының негізінде «Еңлік-Кебек» пьесасын жазып, оны 1917 жылы маусым айында Ойқұдық деген жерде сахнаға шығарады.


Туындылары Өлеңдері Нақыл сөздері

Бүгінгі қазақ баласы – қырық жылғы қазақ баласы емес.

Ілмектер: қазақ, бала Мұхтар Әуезов

Жалпы адамзат қоғамының жаңа нәсілінің, асыл нәсілінің өкілі болуға жараған буындар туды дей аламыз.

Ілмектер: адамзат, қоғам, нәсіл, өкіл Мұхтар Әуезов

Қазақ әдебиетінің ішіне қазақ өмірін түгел суретімен алып кіру- әдебиеттің ендігі міндеті.

Ілмектер: қазақ, әдебиет, өмір Мұхтар Әуезов

Әдебиеттің зор міндетінің бірі - елдің мінезін түзеу.

Ілмектер: әдебиет, міндет, ел, мінез Мұхтар Әуезов

Қазақ өлеңіне үлгі, өрнек берген, түрін көбейтіп, қалыбын молатқан – Абай.

Ілмектер: қазақ, өлең, Абай Мұхтар Әуезов

Бүгінгі қанағаттанбаудың себебі, тіпті, бұл күнгі табиғатқа ырза болмағандық.

Ілмектер: қанағат, табиғат Мұхтар Әуезов

Ескі қазақ баласы, шынында, өлеңмен қарсы алынып, өлеңмен шығарып салынатын болған. Бұл қазақ рухына анық сіңген мінез еді.

Ілмектер: қазақ, бала, өлең, рух, мінез Мұхтар Әуезов

Біз ескі әдетімізді сүйеміз, сүюіміз дәлелсіз емес. Құрметтейміз, құрметіміз орыныз емес. Себебі, әдебиетімізде өзге жұрттың әдебиетінде жоқ нәрселер табылып отыр.

Ілмектер: әдет, құрмет, әдебиет Мұхтар Әуезов

Кітаптың бір мақсаты – агитация десек, кейбір шарттарды орындай отырып, оны да жүргізуге болады. Болмаса желігіп отырған жеңіл қолмен жазып жiберген жарнама дейді.

Ілмектер: кітап, мақсат, жарнама Мұхтар Әуезов

Мен өз жұмысымда сөз жоқ, Совет жазушыларының тәжірибесін пайдаландым.

Ілмектер: жазушы, тәжірибе Мұхтар Әуезов

Адам ірілігі бір сипат емес, ішкі-тысқы сан сипат қасиеттерінен құралады.

Ілмектер: адам, қасиет, ірі Мұхтар Әуезов

Ақыл — адам көрігі, ақылдың сабыр серігі.

Ілмектер: ақыл, адам, Сабыр Мұхтар Әуезов

Еңбек шыққан жерден төзім де шығады.

Ілмектер: еңбек, төзім, сабыр Мұхтар Әуезов

Жігіт қадірі өнерімен өлшенер.

Ілмектер: жігіт, қадір, жігіттік Мұхтар Әуезов

Ит мені қапты деп, оны қапсам, адамдық аузымда не қасиет қалады.

Ілмектер: ит, адам, қасиет Мұхтар Әуезов

Жалған намыс қасиет емес, ар сақтаған қасиет.

Ілмектер: намыс, Ар, қасиет Мұхтар Әуезов

Бөрінің артынан бөлтірік ақылды болғандықтан ермейді.

Ілмектер: Бөрі, бөлтірік Мұхтар Әуезов

Ой да көп, уайым да көп – ойлай берсең, Ой да жоқ, уайым да жоқ – ойнай берсең.

Ілмектер: Ой, уайым Мұхтар Әуезов

Ұлттың тілі — сол ұлттың жаны, жан-дүниесі. Ол жүректі соқтыртып тұрған қан тамыры сияқты. Егерде қан тамыры жабылып қалса, жүрек те соғуын тоқтатпай ма?

Ілмектер: ұлт, жан, тамыр Мұхтар Әуезов

Бас асауға – жез ноқта.

Ілмектер: мінез-құлық Мұхтар Әуезов

Қарап көріңіз