Өлең, жыр, ақындар

Тәрбие басы — тіл!

Астана қаласы
№22 мектеп-гимназиясы
қазақ тілі пәні мұғалімі Смағұлова Өрік Мұхаметқызы

Қысқа мерзімді тәрбие сағатының жоспары

Қазақтың «Ұлт ұстазы» атанған әдебиеттанушы, тюрколог, ағартушы, ақын-аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай өткізілген іс-шара тақырыбы: «Тәрбие басы — тіл!»

Мақсаты: Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығынан мағлұмат беру, Тілге құрмет-елге құрмет көрсету;

Көрнекілігі: портреті, шығармалары, үлестірмелер, иллюстрациялық көрнекілік, күйтаспа, шармен  безендірілген;

Барысы:
Танымдылық:

1-оқушы: Туған тілім-бабам тілі-өз тілім!
Туған тілім-далам тілі-өз тілім!
Туған тілім-анам тілі-өз тілім!
Туған тілім-балам тілі-өз тілім!

2-оқушы: Туған тілде сыры терең жаным бар!
Туған тілде әнім менен сәнім бар!
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар!
(Дәрібаевтар орындауында «Қазақстан бақытты» әнін қосылып орындау)

Мұғалім: - Ахмет Байтұрсынұлы – қазақтың қоғам қайраткері, ағартушы, публицист,ақын-аудармашы, қазақ әліпбиі мен грамматикасының негізін салушы, тюрколог-  Қостанай облысы, Жангелді ауданының Сарытүбек ауылында дүниеге келген. ....В Казахстане почитается, как  «Ұлт ұстазы».

И.А.Крыловтың шығармаларын қазақ тіліне аударған. Өзінің жеке шығармалары «Маса» жинағы, ең басты еңбегі «Тіл тағылымы», «1001 мақал, 101 жұмбақ», «40 мысал», «Жоқтаулар» атты еңбектері жарық көрді.

Шығармаларындағы басты мақсаты-еңбекке, білімге,ғылымға, құштарлыққа жетелеген, пәлсапалық маңызы бар, «Маса» болып шағып, сынай отыра, халқының ой-санасын оятып, еңбекке, адамгершілікке шақыра отырып,өзінің халқын рухы өр, еңсесі биік  екенін басып көрсетеді.
«Өгіз бен Бақа», «Аққу, Шортан Һәм Шаян », «Маймыл мен Көзілдірік», «Кісі мен Арыстан», «Шымшық пен көгершін» сияқты мысалдары жарық көрді.

Мәнерлеп оқу:                                     
Маймыл мен көзілдірік (Ахмет Байтұрсынұлы)

Қартайып нашар көрді Маймыл көзі,
Ойлады ем етерге оған өзі.
«Көз азса-көзілдірік емі» деген,
 Тиетін құлағына жұрттың сөзі.
Бес-алты көзілдірік Маймыл тапты,
Біразын құйрығына тізіп, тақты.
Қарады біреуін иіскеп, біреуін жалап,
Бір мезгіл төбесіне қойып жатты.
Пайда жоқ иіскесе де, жаласа да,
Қойып-ақ әр жеріне қараса да.
« Жоқ!»-деді,- титімдей де пайда тіптен
 Мәжнүн бұл шыныдан дару күткен!
Жақсы-ақ деп шулаушы еді,  
Бәрі де жалғаншы екен адам біткен.
Сөздері жұрттың айтқан бәрі жалған,
 Мен жарым, жалған айтқан сөзге нанған.
Көрмедім жау алғырдан ешбір пайда,
Еңбегім босқа кетті іздеп талған!
Қараңыз, Маймыл не етті сонда тұрып:
Бір тасқа ұрды бәрін лақтырып.
Ашу мен жарымдықтан  пайда бар ма,  
Күл-күл боп Көзілдірік қалды сынып ...

(Шардағы сұрақтарға дұрыс  жауап берген оқушыларға- тосынсый! )

Викториналық сұрақтар:

А.Байтұрсынұлы қай жылы туды?
Қандай шығармалары есіңде қалды?
Қай облыста туды?
Аударған мысалдары қандай?
А.Байтұрсынұлы кім?
Контекстен мақалды кім тез табады?
Көзілдірік туралы мақалды тап.

Суретпен жұмыс:

Маймыл не тапты?
Қай жерлеріне тақты?
Көзілдірікті не істеді?
Ақырында Маймыл не істеп тынды?

Рефлексия: Мен не білдім?
Маған ұнаған жерлері ...
Не білгім келеді?
      
Орысша нұсқасын оқып, салыстыру.

Мартышка и очки
Мартышка к старости слаба глазами стала, А у людей она слыхала,
Что это зло еще не так большой руки: Лишь стоит завести Очки.
Очков с полдюжины себе она достала;Вертит очками так и сяк:
То к темю их прижмет,  то их на хвост нанижет, То их понюхает, то их полижет;
Очки не действует никак. «Тьфу, пропасть! - говорит она,-и тот дурак,
Кто слушает людских всех врак: Все про очки лишь налгали;
А проку на волос нет в них.»  Мартышка тут с досады и с печали,  
О камень так хватила их, Что только брызги засверкали

Қорытындылау:

А) Қысқаша мазмұндау
Ә) Қандай ғибрат алуға болады?
Б) Күнделікті өмірден мысал келтіріп көрейік.
Маймыл сияқты адамдар кездесе ме?
Сыныптан тыс тапсырма –  «40 мысалдан» «Өгіз бен бақаны» оқу!


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз