Өлең, жыр, ақындар

15-сәуір «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» ғашықтар күніне арналған «Көктем келді, мен сені тағы ойладым...» жыр кеші

15-сәуір «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» ғашықтар күніне арналған

«Көктем келді, мен сені тағы ойладым...» жыр кешінің бағдарламасы

Өтетін орны:

Өтетін күні: 15.04.2020

Өтетін уақыты: 16:00

Жүргізушілер: Самал Сәрсенбекова

Қатысушы ақындар:

Қатысушы әншілер:

ҚОЙЫЛЫМ

Мен:

Көктем келді, мен сені тағы ойладым.
Өткенге енді, ойлармен қарайладым.
Қалай жаным табады тыныштықты,
Өлең деген отпенен тағы ойнадым.

 

Ойдың төгіп қағазға ақ айранын,
Өзің дедім атқан таң арайларын.
Ғашықтардың тілі тек ойлар ғана,
О, тоба қалай білген Абай бәрін?!

Абайды оқып, мен сені тағы ойладым.
Сен жайлы жыр жазғандай талай дарын.
Сені ойласам жүректе шабыт шалқып,
Шуағымен жібітер жан аймағын.

Мен сені тағы ойладым, тағы ойладым.
Сен келесің түсінбей қалай бәрін…
Сол кеткеннен жүректе жара қалды.
Сол кеткеннен от алып шөлмектерден,
Өртеніп кетті менің сан ойларым.

Мен сені тағы ойладым, тағы ойладым.
Ойлай берем біткенше жан айғайым.
Бітіргенше жүректің жанармайын,
Жолдай берем жырымды ауылыңа
Ағарғанша осынау самайларым.

Мен сені тағы ойладым, тағы ойладым.
Ұмытты деп ойлама оңай бәрін.
Кездестірер келеді қалайда күн,
Сонда айтамын қалғанын осы жырдың,
Мен сені әлі ойлаймын, солай жаным!

Сен:

Мына әлемге керек ауа, керек күз.

Әттең, шіркін, біз жай ғана терекпіз.

Мені біреу сүйсе деймін жай ғана,

Мені біреу сүйсе деймін себепсіз.

 

Сүйсе деп ем қыңыр-қисық қалпыммен.

Салыстырмай гауһар, күміс, алтынмен.

Сұп-суық деп ойлайды екен оны да

Тым сезімтал жұбай болар қар кіммен?

 

Сүймесе екен ұнаған соң кескінім,

Және көңіл көтерген соң кешқұрым.

Сүймесе екен қалмаған соң ешкімі,

Сүймесе екен қажытқанда ескі мұң.

 

Күн егер де не болады күлмесе?

Бәрімізде жан қалмайды Күн десе.

Түнге ғашық адамдарға таң қалма,

Түнді неге сүйетінін білмесе.

 

Кетер едім құс боп ұшып дерексіз,

Кете алмадым жан секілді керексіз.

Мен біреуді сүйсем екен жай ғана,

Мен біреуді сүйсем екен себепсіз.

Ән:

Жүргізуші:

15 сәуір – «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» ғашықтар күні таяп келеді. Махаббатқа тұнған жүректер лүпіл қағып, осы бір аяулы мерекені асыға күтіп жүрген шығар. Әлбетте. Жылына бір рет келетін Ғашықтар мейрамында сүйген адамын қуанту үшін он ойланып, мың толғанып жүргендер де бар-ау.

Жүргізуші:

Өзгенің қызығына көзімізді қызартпай, төл мәдениетіміз бен төл әдебиетіміздің кейіпкерлерін ұлықтау мақсатында өткізілгелі отырған «Көктем келді, мен сені тағы ойладым» атты Баянауыл ақындарының жыр кешіне қош келдіңіздер!

Жүргізуші:

Әлкей Марғұлан «Мәңгілік жыр» деп атаған бұл жыр қазақ халқының төбеге көтерер мақтанышы, қос жүректің ұраны іспетті. Қос ғашықтың махаббаттарын ұғынып, осы екі жүрек иелерінің атына күн белгілеп, махаббатты дәріптеген мереке халық арасында 1999 жылдан бері тойланып келеді.

Махаббат – дүйім дүниенің ең асыл, жалпақ жалғанның ең кіршіксіз сезімі болса, ұлы сезімнің шырқау шыңына көтерілген сезімге адал, сертке берік Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу шынайы махаббаттың символы іспетті.

Жүргізуші:

Өмірдің тұтқасы осы ұлы махаббат сезімінде. Ғашық болсаң саған күнде, гүлде, жан – жағындағы адамдар да күліп, қызыға қарап тұрған секілді. Бұл өлең шумақтарын оқи отырып, махаббатты жоқ деп айтуға да қорқасын. Махаббат бар, ол адаммен бірге жүреді. Тек оны аялай білу керек. Әрбір адам өз махаббатының бағбаны. Солып қалмау үшін қай гүлге қанша су құю керек екендігін бұлжытпай білетін бағбан тәрізді, адам да өз махаббатының үнемі жайқалып тұруына тыңбастан жағдай жасап отыру тиіс. «Махаббат – дүниедегі барлық күштің, барлық қуаттың бастауы. Онсыз еш жерде жеңіс жоқ» – деп айтқан Әзілхан ағамыздың пікіріне қосыламыз.  

Өлең оқиды:

Жүргізуші:

Сен де он бесте, ей, қалқа, мен де он бесте,

Екі он бесте қосылса, тең келмес пе?!

Ойнап – күлсе, әркім өз теңіменен,

Талай жүрек дертінен емделмес пе?!

Жүргізуші:

Сен де сері, ей, қалқа, мен де сері,

Шын сүймесем, көңілімді бермес едім.

Құс аңдыған мергендей көл жағалап,

Сен болмасаң бұл жерге келмес едім.

Ән шырқайды:

Жүргізуші:

«Махаббатсыз дүние бос» дегенді айтқан абыз Абайдың, Мағжан мен Қасымның, Мұқағали мен Жұматайдың жырлары қаншама ғашықтың жан жарасын жазды. Ғашық жүректерге шуақ сыйлайтын мерейлі мерекеге арқау болған Қозы Көрпеш - Баян Сұлудың тағдырынан сыр шерте отырайық.

Жүргізуші:

«Қозы көрпеш – Баян сұлу» жырында, екі ғашықтың бір-біріне деген адал, пәк, кіршіксіз таза сезімдері суреттеледі. Бұл екі ғашық шамамен ХІІ-ХІІІ ғасырларда ғұмыр кешкен. Сарыбай мен Қарабайдың перзенттері. Аң аулап жүріп құдаласқан бұл екеуі ұл-қыздарының кейінірек махаббат жолында түрлі қиыншылықтарға ұрынатына куә болады. Екеуі  бастапқыда  бір-бірін көрмей ғашық болады. Ал, көргеннен кейін олардың арасындағы сезім үдей түседі.  

Дүниеқоңыздық пен көре алмаушылық, кек пен ашуға тап болған қос жүрек иесі өле-өлгенше бір-біріне деген нәзік сезімдерін сақтай білген. Олардың махаббаттары осымен құнды.

Жырда Қозының Баянға деген сезімі туралы көп баяндалады. Қай нұсқасында  болсын,  оның Баянға деген сезімін баса суреттеуге тырысады.  Мысалға, Көрпеш:

Дүниеде ғашық қатты екен,

Көңілді бұған бұрғызды.

Бере ме тәңірім, бермей ме

Ынтық болған бір қызды?

Қосылғанша мен оған

Ішіме қайғы толғызды – дейді Баянға...

Бұл үзіндіден Қозы Көрпештің Баянды шын сүйетіндігі, тіпті, өзінің сүйгені үшін бәріне де дайын екенін дәлелдейді.

Жүргізуші:

Ал, Баян сұлу, ақылды да инабатты. Оның сұлулығын былайша жырланады:
Баян сұлу он төртке келген екен,

Тал шыбықтай бұралған ол бір керім.

Беті аппақ, ұшы қызыл, қара көзді,

Қиғаш қара қасы бар сондай көркем.

Аппақ, көрік маңдайлы, қолаң шашты,

Шашының ұзындығы тізе басты.

Аузы гүлдің шашағындай, тісі меруерт,

Мұндай сұлу жаһанда жаралмас-ты…

Жүргізуші:

Ақылына көркі сай Баян сүйгеніне ешкімді ауыстырмайтын, өзінің антына берік, өз сезімі үшін күресе білетін жағымды кейіпкер. Оның да Көрпешті сүйетіндігі мына өлең шумақтары арқылы байқалады:

Есімнен Көрпеш үшін жаңылып ем,

Әкеме мұнша қашып не қылып ем.

Дертіңіз болды ма екен бізден үлкен.

Өлместей болып алдық құса, дерттен.

Беліңнен қатты қысып құшақтасам,

Қабырғаң солқылдайды, сынар ма екен?

Өлең оқиды:

Жүргізуші:

Баянауыл басынан бұлт кетпес,

Қиядағы түлкіге құсым жетпес.

Ақбоз үйдің тұсынан аттандырып,

Қош, қалқатай!,- дегенің естен кетпес.

Жүргізуші:

Баянауыл басынан түсер сағым,

Сағынғанда қайда едің сен, қарағым.

Кәмшат бөрік басыңа құп жарасып,

Сенің сұлу болғаның – менің бағым.

Ән шырқайды:

Жүргізуші:

Махаббат оқиғасында әрқашанда екі ғашықтың арасына түсетін жағымсыз кейіпкер де болады. Оны, айтпасақ та барша адам біледі. Қозы мен Баянның арасына түскен жағымсыз оброздың бірі – Қодар. Тіпте, ел аузында екі ғашықтың зиратының басында өсіп тұрған екі әдемі гүлдің ортасында тікенекті гүл өсіп тұр деген де бар. Адамдар оны келіп жұлып алып тастаса да, ол гүл қайта шығады екен-мыс. Әрине, ең соңында екі ғашықтың қосылмағаны көңілге кірбің түсіреді.

Жүргізуші:

Қазіргі таңда шынайы махаббат жоқ деп айтатын адамдар да кездеседі. Оларға Тұманбай Молдағалиевтің мына өлең шумақтарын айтқым келеді:

Махаббатты жоқ деп жүрген ауыздың,

Айтары да айтпағы да жауыздық.

Сүймегендер – аянышты пенделер,

Ғашықтарды жырлайды ақын аңыз ғып.

Арбамайды жүрегімде өзге өлең,

Меңреу жан ғой махаббатты сезбеген,

Ғашықтықтан туды менің бар жырым,

Жыр жазбаймын ғашық емес кезде мен.

Жүргізуіш:

Бұл өмірде досым бар, дұшпаным бар,

Мені ылғи да бақыттыға қосыңдар.

Ғашық күнім ашық күнім ол менің,

Ғашық емес кездерімнен шошыңдар.

Өлең оқиды:

Жүргізуші:

Әндетіп аспан деген теңізбенен,

Аққулар барады ұшып көл іздеген.

Самғаған аққу емес илан, жаным,

Жүрегім ол да менің сені іздеген.

Жүргізуші:

Мен күтсем де сезіммен аласұрған,

Сен өтпедің қара орман, қара судан.

Сен өтпесең қара орман, қара судан,

Мен өтейін кірпігің арасынан.

Ән шырқайды:

Жүргізуші:

Білесің бе, Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесін тойлау жастардың бір-біріне «Селтеткізер» сыйлап, «Ұйқыашардан» дәм татуынан бастау алған. Дана халқымыздан жеткен өлең жолдарына жүгінсек, жігіт:

«...Өйтетіндей, ес кіріп, ерте тұрып,

Өзің маған «Ұйқыашар» беріп пе едің?» - дегенде, бойжеткен:

«Сыйың бар ма селтеткізер бойымды,

сонда білерсің қамаудағы ойымды», - деп жауап қатады.

Жүргізуші:

Дұрыс айтасың... Наурыздың негізгі көркі – жастар. Ұл-қызының болашағының баянды болғанын қалаған ата-бабамыз бұл күнді ғашықтардың бас қосып, сезімдерін білдіретін уақыты деп санаған.  Себебі, олар алтыбақан теуіп, ауылдың алты ауызын айтып, қыз-жігіттер бір-бірімен ойнап-күліп, таңның атқанын бірге тосып, сөз байласатын болған.  Сезім мен сенімге толы таңнан соң шаңырақ көтерген жастардың ғұмыры «Ұлыс» тойындай ғұмырлы болмақ.

 Жігіт «Селтеткізер» беріп ғашық болып, отау құруға әзір екендігін тұспалдаса, бойжеткен «Ұйқыашар» әзірлеп келісетінін жеткізген. Бақтары жарасқан ғашықтардың ән мен би, ойын-сауықтары түннiң бiр уағына дейiн созылған. Бабаларымыз бұл дәстүрлерді инабаттылықтың және кіршіксіз сезім мен таза махаббаттың шуағы деп қабылдаған. Жастардың бірін-бірі ұнатып, мөлдір сезімдерін жеңгетайларсыз, дәстүр арқылы білдіруі де осының айғағы болса керек.

Өлең оқиды:

Жүргізуші:

Қараша күз қайтады қатқақ болып,

Қалады көл суалса, батпақ болып.

Ақ кербез отыр ма екен, жатыр ма екен?

Аққудай көлге қонған аппақ болып.

Жүргізуші:

 

Жеңеше, мені жанға балағаның,

 

Маржандап бұрымымды тарағаның.

Құрбыма сәулесінен сәлемдеме,

Сағыныш жасы тамған орамалым.

Ән шырқайды:

Жүргізуші:

1912 жылы 10 сәуірде Саутгемптоннан Нью-Йоркке бағыт алған алғашқы сапарында Британия мен АҚШ туын желбіретіп шыққан әйгілі «Титаник» кемесі, 1912 жылдың 14 сәуір күні кешкі сағат 11.40 кезінде үлкен айсбергке соқтығылады. Адамзат тарихындағы ең үлкен апат орын алады.

Аталмыш қанқұйлы оқиғаны бейнелейтін «Титаник» фильмі баршамыздың есімізде. Фильмнің басты кейіпкерлері, қарапайым суретші жігіт Джек пен ақсүйек әулетінің еркесі Розаның махаббат хикаясы талайды тамсандырды. Бәлкім, осынау персонаждар қазақ дастандарындағы ғашықтар образы шығар... Біздің лиро-эпостық жырлдардан сусындаған Еуропа жұрты аталмыш туындыны дүниеге әкелген болуы да бек, мүмкін.

Өлең оқиды:

Жүргізуші:

Ұшады көк ала үйрек көл дегенде,

Бал татыр сілекейің шөлдегенде.

Қалқажан, сен қандайсың мен дегенде,

Менде жоқ ұшар қанат сен дегенде.

Жүргізуші:

Әуеде қалқып ұшқан қара инелік,

Ұшады қара инелік зар иленіп.

Түскенде сен есіме, қимас қалқа,

Қатады қабырғама қан иленіп.

Ән шырқайды:

Жүргізуші:

Ләйлі – Мәжнүн, Жүсіп – Зылиқа, Фархад – Шырын, Қозы Көрпеш – Баян сұлу, Еңлік – Кебек, Сәлиха – Сәмен, Қыз Жібек – Төлеген, Қалқаман – Мамыр, Естай – Қорлан... Тізе берсек, бір-біріне деген сүйіспеншілігі күллі адамзат баласын ізгілікке жетелеген осынау ғашықтардың ғасыл сезімі әлемді ғадауаттан қорғап тұрғандай...

Жүргізуші:

Абай «Әй, керімім» деп Шүкмән сұлуды Тоғжанға ұқсатқанда... Петрарка Лаурасына мың сонет арнағанда... Есенин Айсидораның ажарын айға балағанда... Жұматай Ләйләні іздеп «эфирлерден жылағанда»... Светқали Ақханшасына ынтыққанда... Мирас Жадырасына «Соңғы раушанын» сыйлағанда... осынау кіршіксіз нәркес сезімнің құдіреті өмірге өң беріп тұрды, әлемге әл беріп тұрды...

Жүргізуші:

Көктем келгенде, бір-бірімізді ойға алайық... Жоқ... Ғұмыр бойы бір-бірімізді аңсайық, сүйейік, сағынайық...

Махаббаттарыңыз баянды болсын!

Хош сау болыңыздар!!!

Қорытындылау

Ән


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз