Өлең, жыр, ақындар

Әдептілік – әдемілік белгісі

Тақырыбы: Әдептілік – әдемілік белгісі.
Мақсаты:
Оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілдікке, әдептлікке, өз халқының салт – дәстүрін үйрене отырып, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
Оқушылар бойында әдеп әліппесін дамыту, таным белсенділігін арттыру. Әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.
Түрі: сайыс
Әдістері: сұрақ – жауап, көрініс көрсету, баяндау, ой толғау.
Көрнекілігі: мақал жазылған тірек сызба, көрініске арналған көрнекіліктер, жүрек сұлбасы, доп.

І.Ұйымдастыру кезеңі.
(Психологиялық дайындық)
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Баршаңызды құрметтеп,
Бас иеміз біз.


ІІ.Негізгі бөлім.
- Біздің халқымыздың әдепті де сыйластық қарым-қатынасқа ежелден-ақ көңіл бөліп келгендігі баршаңызға белгілі.Ұрпақтан-ұрпаққа туысқан бұл өнегені біз қазақтың мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерінен молдап ұштастырамыз. «Әдептілік иесі – иіліп сәлем бергені. Ұлық болсаң-кішік бол, Кішіпейілділік – кішілік емес кісілік» - деп ой тарқатып, сөз маржандары халқымыз ұстанған тәлім-тәрбиенің жүйелі бағдарын меңзейді. Қазақ халқына тән дарқан қонақжайлылық, үлкенді құрметтеу, ағайын туғанға бауырмалдық, аталы сөзді қадір тұтып, уәдеге тұра білуге, жас ұрпақты әдептілікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу тұрғысындағы озық дәстүрлер қазіргі кезде де ұнасымды жалғасып, бүгінгі өмірімізбен үйлесім тауып отыр.
- Олай болса, бүгінгі тәрбие сағатымыз «Әдептілік – әдемілік белгісі» деп аталады..

Көрініс: «Жүрек, қайрат, ақыл, күш»
Жүрек:
- Мен адам баласын алаалмаймын. Жаманшылықтан жиреніп, тулап кететұғын – мен. Әділет, нысап, ұят, рақым, мейірбаншылық дейтұғын нәрселердің бәрі менен таралады.
Қайрат:
- Ей ақыл! Амал да, айла да – бәрі сенен шығады, жақсының, жаманның екеуінің де сүйенгені – сен, екеуінің де іздегенін тауып беріп жүресің- соның жаман.
Ақыл:
- Ей, қайрат! Сен де жақсылықты берік ұстап, кейде жамандықты берік ұстап кетесің – соның жаман.
Білім:
- Сенің үшеуіңнің басыңды қоспақ менің ісім. Бірақ сонда билеуші, әмірші жүрек болса жарайды. Осы шеуің басыңды қос, соның ішінде билет.
- Үш – ақ нәрсе – адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек. Біреуіңнің күні жоқ, біреуінсіз. Осы төртеуміз арқылы адам тәртіптіғ әдепті, мәдениеттіғ білімді яғни барлық жақсы адами құндылықтарды бойларына сіңіреді. Төртеуміз бірге жүрелік. Келістік пе? Келістік.

- Ендігі кезекте ұлдар мен қыздар болып сайысып көрейік.
Сайыстың кезеңдері: 6 кезеңнен тұрады.
1. Сұраққа – жауап:
1.Мектептен шығысымен үйге қарай жүгіріп келе жатқанда, алдыңнан бір үлкен кісі шықты, сен не істер едің?
- Үлкен кісімен амандасып, жол беремін.

2.Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырғанда не істеу керек?
- Үлкендердің әңгімесін бұзып, сөзге араласпайды.
3.Көшеде біреу жөн сұраса не істейсің?
- Асықпай түсіндіріп беру.

4.Автобуста егде адамдарды көргенде не істейсің?
- Үлкен кісілерге әрдайым орын беру керек.

5.Үлкен кісімен қалай сөйлесу керек?
- Үлкен кісімен «сіз» деп сөйлесу керек.

6. Күнде таңертең мектепке келгенде не істейсің?
- Мұғалімдермен, достарыңмен амандасамын.

7.Тамақ ішіп болғаннан кейін не істеу керек?
- Аспазшыға, анама рахмет айтамын.

8.Әдептілік қайдан басталады?
- От басынан, кішкентай кезден басталады?

9. Әдепсіз адам бола ма? Болса дұрыстауға бола ма?
Болады. Бірақ көп уақыт кетеді. Өзін - өзі жеңе білу қажет.

10. Көркіне, киіміне, ақшасына қарап әдепті деп айтуға бола ма? Не ақшаға сатып алуға бола ма?
Жоқ.

11.Сонда әдептілік деген не? (екі топқа да қойылады)
Әдеп - ол адамдардың жүріс – тұрысы мен өзара қарым – қатынастың ережелері. Бұған елгезектік, тіл алғыштық, сыпайылық, көрегендік жатады. Егер сен бала күніңнен әдепті болып өссең, есейе келе ата – анаңның өз Отанынның мақтанышы боласың.
Әдеп - адамдармен қатынас барысында, әңгімелесу кезінде шамадан тыс аспау, сөзіміз бен ісіміз сөйлесіп тұрған адамның көңіліне тимеуін ойлау, сыпайылық шегінен шықпау.
Әдеп- барлық жағдайда сыпайлық шегінен шықпау.
Әдеп барлық жағдайда қатынас жасап тұрған адамның жеке ерекшілігін ескеруді талап етеді.

2.Қане, ойланайық:
1. Айнұр көрші апайға күнде көріп жүрмін ғой, бүгін амандаспайыншы,- деп ойлап қасынан өте шықты. Сонда көрші апай.... Жалғастыр...
2.Көшеде келе жатқан атаға бір бала әдейі соқтығысты. Жалғастыр...

 

Сергіту сәті
- Балалар, әдеміі билей білу де әдептілікке жатады екен. Олай болса
«Қаражорға биін» билеп көрелік.

4.Кім көп біледі?
(Әдептілік, тәрбие туралы мақал – мәтел айтып жарысу)


5.«Жалғастыр» ойыны. Не істеуге болмайды?
Үлкендердің алдынан ......
Құстарды ......... болмайды
Кішкене баланы ........
Қыз баланы ............
Оқулықты ..............
Сыныпта .................
Тамақты.........
Айқайлап..............
Бетіңді басып.............
.................. айтуға болмайды?

Шаттық шеңбері: Сәлемдесу
Сұрақтары:
1. Ассалаумағалейкум!
- Уағалейкумассалам.
2. Сәлем бердік!
- Амансың ба?
3. Сәлем!
- Сәлем.
4. Кеш жарық!
- Жап – жарық,
5. Қайырлы таң!
Күнің жарық болсын!
- Өзіңе де соны тілеймін.
6. Армысыз әже!
- Амансың ба, құлыным!
7. Армысыз ата!
- Есенсің бе, жарқыным.
8. Сәлеметсіз бе!
- Сәлеметсің бе, Рысхан!

6. Әдептілікке жататын қызыл жүректер белгілерін тастап, қара жүректерді алып тастау. Орнына қою.


Шыншыл, инабатты,тәртіпті, әділ, тәрбиелі,өнегелі, кішіпейіл, ұқыпты, әдепті, өтірікші, ұрлық жасау, өсекші, ешкімді тыңдамау, амандаспау, өркөкірек, мақтаншақ, қызғаншақ – бұл сөздерді өздері тауып айту қажет.
Ұлдарға сұрақ:
1. Қыз балаға қандай мінез – құлықтар тән?
2. Қыз бала туралы қандай мақал – мәтел білесіңдер?
Қыздарға сұрақ:
1. Ұлдарға қандай қылық жараспайды?
2. Ұлдар туралы қандай мақал –мәтел білесіңдер?
3. Ұлдардың мінезі қандай болу қажет деп ойлайсыңдар?

ІІІ Қортынды
- Балалар, сонымен әдептілік деген ар – ұяттың, әдеміліктің белгісі, адамдық қасиеттердің көрінісі екенін түсінген боларсыңдар. Әр адам өзінің ішкі дүниесінің таза, ақ болуын қадағаласа, істеген ісі соған сай әдепті, инабатты, жүрегі мейірімге толы болмақ. Егер сендер бала күніңнен әдепті тәртіпті болып өссең, есейе келе, ата – аныңның, өз Отаныңның мақтанышы боласыңдар. Адам болу үшін Абай атамыз айтқандай :
Сүйме, сезбек, кейімек,
Харекет қылмақ, жүгірмек
Ақылмен ойлап сөйлемек
Ақыл керек, ес керек, мінез керек,- дей келе «Әдептілік – әдемілік белгісі» атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз