Өлең, жыр, ақындар

Болса да алап – ойлы алап...

  • 01.06.2019
  • 0
  • 0
  • 955
Болса да алап – ойлы алап,
Ағады өзен аңқылдап.
Қыздардың жолы қайдалап,
Жәудіреп қарайд салқын бақ.

Даланың жанын жылтқан күн
Аспанда емес, мұнда тұр.
Сабылып өткен бұлттардың
Сарқыты құсап шық жатыр.

Шығыңды, көктем бұлдама,
Шыныңды ұғар жан қайда:
Боразда салса, бұл дала
Ұқсайды қатпар маңдайға.

Әр бұта тынып жасырды үн,
Жасыру мүмкін қиянат?
Осын-ау жерде ғасырдың
Ақылы жатыр ұялап.

Не керек ақыл, ой маған,
Өз басыма қонбаса ол.
Табан ба кейде таймаған,
Үзіліп қалса – жол ма сол!..

Қасиетіңді сезем, жер,
Әр бұтаң болды баспана.
Ылайсыз ақса өзендер
Сәулесі түсер тасқа да.

Айналды тасқа кейбіреу,
Мезгілін сезіп жығылар.
Қолынан келсе елжіреу
Тас болып не жыны бар?!

...Қоңырқай дала, баспалап
Өседі гүлдер – салқын бақ.
Құм жұтынып, тас жалап
Ағады өзен аңқылдап.

Келбейді аспан көзіңде –
Ойлану солай басталар.
О, дала сенің өзіңде
Тастар да бар, бас та бар...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қақпа алдындағы қарт

  • 0
  • 0

Тау жақ шетте көк қақпа бар,
көк қақпа
ашылмайды деседі
анау-мынау тоқпаққа.

Толық

Тау баурайы бу боп тұр, бұлыңғыр тұр

  • 0
  • 0

Тау баурайы бу боп тұр, бұлыңғыр тұр,
тістеп қапты тентек жел тілін қырқып.
Алба-жұлба жасады-ау бұлттың төсін
шыршалардың бұтағы іліп-жыртып.

Толық

Нөсерден соң

  • 0
  • 0

Бәлкім, мұңды хал шығар —
тал көз жасын іркіп тұр.
Көзі шатынап тамшылар
әлденеден үркіп тұр.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар