Өлең, жыр, ақындар

Әмбебап ару...

Бақ сыйлап, қуантатын анамды мың,
Жар іздеймін, бағым менің жанар бүгін.
Қалықтап бірге ұшар ақ құсымның,
Анықтап алсам деймін мамандығын.

Бағындырар білімнің шынарын жүз,
Оқушының жағатын шырағын біз.
Екеулеп шәкірттерді оқытатын,
Кейде алғым келеді мұғалім қыз.

Ер адам мақтанады жарыменен,
Әйел адам – өмірдің мәні деген.
Дәрігер қыз алсам да болады ғой,
Емдейтін сезім деген дәріменен.

Уақыты ешқашан бос өтпейтін,
Қаржы болса, отбасы өсет(ді) дейтін,
Есепші ару алсам қалай болар?
Отбасының бюджетін есептейтін.

Әрине, жақсы жарды жақтаймын мен,
Әйел болса, ер үмітін ақтай білген.
Саудагер арулар да жаман емес,
Сапалы тауарларын мақтай күлген.

Адамға алтын қолды жар керек шын,
Балдай дәмін келтіретін әр көмештің.
Арық едім, азырақ семіртетін,
Аспаз қызды алуға да қарсы емеспін.

Әйелдің біле алсам шын бағамын,
Сонда ғана шығады шыңға бағым.
Ұл-қызым да тілге жүйрік болар еді,
Жар қылып алсам, егер, тіл маманын.

Таңертең от алып ап, кешке сөнер,
Тоқтамайтын жұмыстеы істесе егер,
Сыпыратын ауламды таңғы алтыда
Ауыл қызын алсам ба екен, іске шебер?

Ер азамат іздейді ғой ерек сыңар,
Жар іздесе, болады көмекші ар.
Мына маған жүз пайыз ұнау үшін,
Әмбебап ару болу керек шығар!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз