Өлеңдер Бөлімі

Өмір

Қара түн кебінмен қапталды тағы да,
Орналды өмірсіз тыныштық.
Алатау, ала бір кеуіммен дос болдың,
Ажарың еліме ұмыт боп.
Мен болсам ұйқылы, хайуани сезімді пайдалы еншіме асырып,
Жасадым манифест жаным мен тәніме
Тәңірге етпей бір асылық.

Ойға алып қаласың, білемін кей кезде
Бейсана орамал таққанды.
Сананы жіберіп сан саққа,
санасыз,
Қияли ғапылда жатқан бір.
Ерікке еркіндік беретін уақытың көп болса, Азекем, дейді ғой:
Бос уақыт деген сөз - кезекті игі істің әлі бір басталмай жатқаны.

Айнадан көргенім сай болса санаға
P.S: Ақылы нұрлы адам.
Баба Арудж' десе де дайынмын сол үшін
Өлген соң Барбарос болуға
Бәлкім бұл соңғы күн...
Бәлкім бір Нашитат көңілді кейіппен тұр қарап,
Йа, Раббым, Рушдиге Памуктай жауапты қайтарар берші бір күн маған.


Қарап көріңіз


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Басқа да жазбалар

×