Өлең, жыр, ақындар

Арнау (Ілияс рухына)

Арнау
(Ілияс рухына )
Озған топтан ақын едің Құлагер,
Жете алмай өз мәреңе құлап ең.
Ақтангерім,Ақыным, Ілиясым,
Терең білдің сұлу жырдың құпиясын.
Өлеңге көңілі құмар, жаны жақын,
Өлеңге арнап еді барын-нәрін.
Қазағыма жырымен шашу шашып,
Қосқан -ды поэмаға жанын-тәнін.
Үлес қосқан әдебиет дамуына,
Жас ұрпақ тәлім-тәрбие алуына.
Әттең бірақ "халық жауы" атанды,
Тартып алды сиқырлы бір қаламды.
Болған еді ақ сұңқары Ақсудың,
Көксегені желбіреуі көк тудың.
Жеттік міне аңсарына ақынның,
Ізін қуып заңғар, алып дарынның.
Қалықтаған қыран едің көк аспанда,
Талмадың, қанат қағып, жыр жазсаң да.
Өкініш - ай, өкініш көп өлеңді
Таппадық, қайран қанша күш салсақ та.
Ұмытпаймыз, Ілияс ата, қорықпа,
Тіпті ақыр заман өтіп болса да.
Жадымызда мәңгі болад тұлғаңыз,
Қанша дауыл, қанша боран соқса да.



Пікірлер (1)

Модератор

Ілмектерді жақшасыз қою керек.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз