Өлең, жыр, ақындар

Ұлы ұстазға кескіндеме өлең

Білімменен ғылымды ,
Алға қойған ғұлама.
Айтты ұрпаққа ақиқат,
Танытып елге шығарма.
Өнеге қылып ұрпаққа,
Өлеңде жазған бұл дана.
Ыбырай ата өлеңі,
Өнеге ұлға,қызға да.
Ыбырай десе әуелі,
Алғашқы сөзі тұрады,
Қазаққа алғаш мекеп сап,
Шыққан еді солай Ұлы аты.
Қарабұтақ, Торғайда,
Ақтөбеде,Ырғызда,
Орыс қазақ мектебін
Ашып берді ұл қызға.
Тұңғыш рет Торғайда
Қыздарға мекеп ашыпты.
Бар маманды даярлап,
Аброй аты асыпты.
Ана тілде оқулық,
Жазған да алғаш атамыз
Алтынсарин Ыбырай
Бүгінде елге аты аңыз.
Ақырғы жолға дейін ол
Білім деп елге ту тікті.
Ағарту ісін алға сап,
Ұланға ұран айтыпты.
Осы күйге жеткізген
Ыбырай ата арқасы,
Білім деп соққан жүрегі,
Біздерміз ұрпақ жалғасы.
Содан бері мінекей
170 жыл өтіпті
Ғұлама, ғалым өсиеті
Осы ұрпаққа жетіпті
Ұлы ұстазды осылай
Кескіндеп көрдім бүгін мен
Ұлылығын ұлының
Жеткізе алсам тіліммен.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз