Өлеңдер Бөлімі

Фаризаға арнау

Каспийдің шулы толқыны секілді,
Əсем жыр самалы өбеді бетіңді.
Аққудай пəк жырдың иесін еске алып,
Өлең қып жырлауға бекіндім.

Фариза,Фариза апа,Фариза қыз,
Есімі əлемге анық,ғасырға аңыз.
Қазақтың "өлең" атты кітабына,
Алтынмен өшпестей қып із салдыңыз.

Мəңгі өлмес мұра сыйлап қазаққа,
Қазақтарда сыр сыйлауда азап бар.
Алашымның ақын қызы Фариза,
Кереметтей көрініс, көз тікпейтін ғажаптар.

Артта қалды кітаптар,оқи-оқи тоздырып,
Сұлу сөзде апат бар,кетті міне көзді іліп.
Көркем тілдің көркемін көрсетпейді кейбіреу,
Ал ұрпағың ұмытпас сендей жанды мəңгілік.

Мұрагері болғаным сіздей дана,алыптың.
Қастерлеуші болғаным,сіздік тірі əріптің.
Туындылар,параққа кетті сия ағып мың,
Сен Шам болсаң,мен сеннен тараған үміт-жарықпын.

Пəк көңілім,сізсіз қалған елге алаң,
Қамқоршысыз қалған тіпті кең далам.
Жырың мəңгі шарықтайды көгімде,
Сенші ұлыңа,Фариза апа,сен маған.























Қарап көріңіз


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

×