Өлеңдер Бөлімі

Аяулы ана

Аяулы ана - ақ жаулығы желбіреген,
Асыл ана - жарық сәуле, өмір берген.
Саялаған бәйтерегім, анашым
Шаршауды да, талуды да білмеген.

Сәбиінің сыңғырлаған күлкісіне тоймаған,
Түн ұйқысын төрт бөліп, алтын бесік таянған.
Небір мықты ақын дағы ғұламаң,
Жаратылған сол бір батыр анадан.

Анам менің - жанашырым, зор бағым,
Анам менің – қамқоршым да қорғаным,
Мәпелеген анамның зор еңбегінен,
Мен осындай ер азамат болғаным!

Айтып жүрер ақыл сөзің, нақылын,
Аямайтын кеңесі мен ақылын,
Мың алғыс сіз берген тәрбие үшін
Аяулы ана, апатайым, асылым!


Қарап көріңіз


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

×