Эссе және өлең-жыр байқауы

Ұлы ел

Батырлары елін сүйіп қорғаған,
Ақындары дархан жерін жырлаған.
Көзде жалын, кеудеде намыс алаулап,
Талай нәубет өткерсе де, талмаған.

Қанша ғасыр аңсап бейбіт аспанды,
Қара жерге қан да тамды, жас тамды.
Тыныштығын қанша рет бұзса – дағы,
Берілмей, бекінді де, нық ұстанды.

Қазақ халқы - рухы биік жауынгер!
Ал даласы - қыран құс самғаған жер.
Осынау асқар белдің ақ төсіне,
Жау тисе, бәрі батыр, бәрі де ер!

Самғашы биіктерге қыран құстай,
Көк туыңды қолыңа берік ұстай!
Жарқырасын кең аспанда жұлдызың,
Көркейтер болашағын- ұл мен қызың.

Қазақстан - Отаным, туған жерім!
Нұрға толы ғажайып асқар белім,
Бірлігін, күш - жігерің сейілмесін
Асқақтай бер, тәуелсіз Қазақ елім!


Қарап көріңіз



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

×