Эссе және өлең-жыр байқауы

Желтоқсан

Желтоқсан - ызғарлы жел соққан күн,
Желтоқсан - жүректерді оятқан күн.
Талай ғасыр аңсаған қазақ үшін,
Тәуелсіздік бағасы биік –ақ тым!

Шықты алаңға жалынды қазақ жастары,
Бар мақсаты – тәуелсіздік аспаны.
Қазақтың заңғарлығы көрінген сәт,
Ұмытылмас «Желтоқсан» мұң дастаны.

Желтоқсанның жаңғырығы кетер емес,
Қазаққа қойылған бір қиын белес.
Көк туын салқын жел сермеп өтіп,
Халқымның шын бірлігі сыналған кез.

Ел-жұртым армандаған қанша жылдар,
Осы жолда құрбан болды талай жандар.
Бейбітшілікте өткізген әрбір күнді,
Жас ұрпақ, құрметтеңдер, бағалаңдар!



Қарап көріңіз



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

×