Өлеңдер Бөлімі

Туған жерім – ұлы Отаным, мекенім

Туған жерім – ұлы Отаным, мекенім,
Өзіңмен бірге өрге басып келемін.
Талай ақын, батырлардың ордасы,
Мен өзіңді шын жүректен сүйемін.

Хош иісті қызғалдағы, раушаны,
Асқар тауы, әсем көлі, жайлауы.
Қыбырлаған жәндігі мен топырағы,
Әр қазақтың жүректегі алауы.

Өз Отанын сатқан адам оңбайды,
Басына оның ешқашан бақ қонбайды.
Тіпті, бұлбұл өз жерінде сайрайды,
Нағыз қазақ сатуға елін бармайды.

Ыстық маған туған жердің жусаны,
Отан деген - әр қазақтың жыр – әні.
Алтын ұям, бір сені ойлап өтемін,
Туған жерім, ұлы Отаным, мекенім.



Қарап көріңіз


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

×