Өлеңдер Бөлімі

Ажырау (М.Жәлелдің «Расставанье» туындысына еркін аударма)

Ажырау
(М.Жәлелдің «Расставанье» туындысына еркін аударма)

Қандай қиын қоштасу,
Жан досыңмен, жақыныңмен, құрбыңмен...
Енді оның жолықпасын білемін,
Тағдырым деп көнемін.
Сүю, сенім, махаббат пен достасу –
Ең бағалы байлығым деп жүрмін мен.

Жанымыз – бір, болса-дағы тән бөлек,
Ажырассақ, ажал жетіп келердей.
Доссыз қалу – ауыр қайғы.
Жанында
Зіл батпандай мұң да қалар еленбей.
Кенет досым айналса ақ сағымға,
Көкірегім оранар от-жалынға.
Ең соңғы реет құшағыма ап өбермін,
Ең соңғы реет көзімнен жас төгермін,
Ең соңғы реет тыңдайтұғын
дос туралы ән керек.

Кеше ғана ортасында достардың
отыр едім.
Қазір мүлдем жалғызбын.
Көздерінен аққан ыстық жастарын
Бетіме, жо-о-оқ, жүрегіме тамыздым.
Кеппеді.
Қуанбаймын не шаттана күлмеймін,
Қандай дауыл күтті мені білмеймін,
Соқсын дауыл, тамшыларды құрғатсын.
Жылдар жылжып, күндер өтер қас-қағым.
Бірақ досым, алтын жүрек, жаны ізгім,
Маңыздыдан маңыздым!
Көз жасыңды ең соңғы реет төккенің
Қинады ғой көп мені.
Баса алмайды сендік мұңды басқа мұң,
Селт етпеймін уайымына басқаның,
Сен мен үшін қымбаттыдан қымбатсың,
Өйткені.

Мол қайғымен сынады маҚұдайым?
Жылай-жылай жанарым да суалып,
Сағыныштан сарғайдым ғой қуарып.
Тәңірімнен жалбарына сұрайын:
Кезіксеңші, көргеніме қуанып,
Бақыттан бір жылайын.

Өксігіме өртенуде өзегім,
Жылдар өтті мұң басқалы еңсемді.
Тағдыр, қандай сыныңа да төземін.
Тек бір ғана айтар соңғы тілегім-
Жүздесуді, кездесуді нәсіп ет.
Доссыз қалу-неткен ауыр қасірет!..
Жаным, досым, гөзелім,
Нұр бейнеңді көрерімді сеземін.
Бақытқа бір бөленсінші жүрегім,
Кездесуге келші енді!
Сағындым ғой, сағындым ғой мен сені...


Қарап көріңіз


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

×