Өлең, жыр, ақындар

Ұстаздарым – кеменгер, ойшыл дана

Ізгі жолда ерен еңбек атқарған,
Үйретумен өмірдің ақ-қарасын.
Шәкіртке ойын сабырлықпен ақтарған,
Таппаймыз біз ұстаздың бақталасын.

Табылады бойынан кіші пейіл
Адалдық пен арлық та, тазалық та.
Мейірімнің арқасында осы пейіл,
Сақталыпты қаншама бар халықта.

Жетіп жатыр білімдігің қаншама,
Том-том болып қала берер сақталып.
Ұстаз нұрдың ақ сәулесі болса да,
Ойымызда аты қалар жатталып.

Ғалымда сен , ақында сен данада,
Мейіріммен қарар әркез халқына.
Берген білім сақтаулы ғой санада,
Және абырой қалың елді жалпыңа.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз