Өлең, жыр, ақындар

Қап, бəлем , қайта ғашық болғандаймын

Түн! Тып-тыныш!
Өмірім қызықтарға толып жатыр
Сынақтардан жан дүнием тоңып жатыр
Алайда жүрегім ыстық əлі ,
Қайта -қайта аласұрып соғып жатыр.

Жалғызбын , əттеген-ай сормаңдаймын
Кенеттен жылы нұрға толғандаймын .
Көздерім жұлдыздардай жарқырап тұр ,
Қап, бəлем , қайта ғашық болғандаймын.

Махаббаттың дəмін татып көрсем деймін
Артыңнан жас баладай ерсем деймін .
Өзгенің бере алмаған қуанышын ,
Мен ғана , тек мен ғана берсем деймін .

Айналамнан бір өзіңді іздейді екем ,
Сен , мен емес дереу-ақ біз дейді екем .
Көзім түсіп өзіңе қалсадағы ,
Сезесің бе , дүрсілін де жүректің сезбей кетем !



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз