Өлең, жыр, ақындар

Періштем менің...

Оранады əсем көп гүлге бұл маң,
Жаныңнан шуақ төккенде тұлғаң.
Тəңір жіберген періштесің-ау,
Қараңғылықты шектеуге туған.

Көңілде мəңгі қалатын жансың,
Басқа жандардан дара тұрғансың.
Əсемдеу үшін əлемді мынау,
Алла əмірімен жаратылғансың.

Сендік ой мені күлімдететін
Сені ойлап күнім, түнім де өтетін
Шамшырағымсың жұлдыздан жарық
Таң шуағысың нұрын төгетін.

Сезімнің берме жатқа шынарын,
Сақ болсын жүрек қақпашыларың.
Жүрегіңдегі асыл сезімді,
Тек маған ғана сақташы жаным.

Таусылмас көркем кереметің де,
Жаралған жансың өлең етуге.
Періштемменен кездесу үшін,
Дайынмын қазір өле кетуге.

Оң ісі аздау теріс пендемін,
Шуақ сыйларсың көріскенде мұң.
Бір болмасақ та сайтан өмірде,
Пейіште күтші періштем менің...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз