Өлең, жыр, ақындар

Бауырым

Бауырымды еркелетіп, бауырыма басамын,
Жақын жүрсе, көңіл гүлдеп, мерейім де асады.
Кеңес берген, демеп жүрген, қанымыз бір бауырым,
Саған арнап, жыр кестемен құнды сыйлық жасадым.

Бауырлардың қасиетін жырлайыншы ендігі,
Мейірімді, жанға сая көңілінің кеңдігі.
Шексіз теңіз, өлшеуі жоқ ниетіне еш сәтте,
Өлшенбейді жақсылықтың ұзындығы, ендігі

Бауыр десе, жүрек от боп, лапыл етіп жанады,
Көңілімді марқайтатын алтын жанға баладым.
Бұлт төнгенде, демеу болар, арқа сүйер асылдар,
Бауырларды әркез қазақтшын жанашыр санады.

Қонақ келсе, бір адамдай бірігеді барлығы,
Жәрдем берер, кедергі емес, дүниенің тарлығы.
Бауыр деген бір атадан тарағандар қаны бір,
Бауыр керек, құрметтеңдер, бұл отбасы жарлығы



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз