Өлең, жыр, ақындар

Көк те жұлдыз, жер де жұлдыз – бәрі ұшқын

  • 04.05.2020
  • 0
  • 0
  • 1218
Көк те жұлдыз, жер де жұлдыз – бәрі ұшқын,
Жұлдыздардың сәулесімен жарыстым.
Тербеледі теңіздері сәуленің,
Сол теңізге батып-шығып әуремін.
Жері қайсы, көгі қайсы – кім білсін,
Жер мен көктің арасында бір гүлсің.
Нәзіктікке табынғандар, бұтақтың
Сыбдыр-сырын жыр қылсын!
Маңдайымның бәрі жұлдыз – бір керім,
Көк болды ма жер деп менің жүргенім!
Шойын-бұлттар қуаныштан балқыды,
Күнге айналды біздің елдің бар түні.
Сұр болаттан таспа тіліп жүрміз көп,
Сом балғадан ұшқын ұшты жұлдыз боп.
Жұлдыз болып жарқырайды қандай жан!
Жұлдыз болып терім тамды маңдайдан.
Жұлдыз-өзен, арман-таудан бас алған,
Біздің керуен «құс жолында» қашаннан…
Міне, осындай біздің өлке, түні де
Жарық пенен қуаныштан жасалған.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көз жасы

  • 0
  • 0

О, сезімнің шым еткен нұр-шуағы
балқытады,
жуам десе — жуады...
Шыдай тұршы, шыбыным сәл, көз жасы

Толық

Ұршық пен домбыра

  • 0
  • 0

Жіп иірді ол толғанып,
Қолында — сол бір ұршық.
Домбырамды қолға алып,
Мен — күй шерттім ыңырсып.

Толық

Арнау

  • 0
  • 0

Әңгімеңді бұзса жыр мен ән бұзып,
отырсаң-ау көңіл түлеп, қан қызып.
Хрустальдар сыңғыр қағып,
қойсаң-ау

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар