Өлең, жыр, ақындар

Арманым

Болашақты ойлап неге мұң шегемін
Болмайд екен тағдырға бол дегенің
Быр басымда неше арман сан қилы
Мен бастысы маған керек сенің еркелегенің

Қажет емес үлде менен бүлденің
Ен қажеті қуанып сен жүргенің
Неше түрлі әуені бар әлемде
Ен жағымды сенің сыңғыр күлгенің

Жалған менен сатқындықты ұнатпайсың
Жүрек таза , таудан аққан бұлақтайсың
Ойға батып , бар санамды мұң басқанда
Артымнан кеп ,махабатпен құшақтайсың

Мекендейсің мендегі жүрек тұста
Көңіл керек адам болсын мейлі құсқа
Жағызбын деп қорқсаң жалғыздықтан
Жақын келем, жаныма кел, қолды ұста

Артық кетпейм(ін) арам оймен тиіспейін
Көріскенде бетті сүйіп сүйіспейін
Сағынғанда , малынғанда бір мұңға
Үнсіз ғана маңдайыңнан иіскейін

Мақсатым бар , армандадым, ойым тік
Орындалса дайын тұрсын көрімдік
Қызым бол , жұрейік деп айтпаймын
Бар айтарым жарым болшы өмірлік!)



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар