Жарықсыз үміт
Қара сандық төңкеріліп аспанымнан,
Жұлдыз сөнген жасқанып бар ғаламнан.
Салқын жел сыбырласа құлаққа әуенін,
Жасырын тұнған арманым жас шағымнан.
Мекен етіп тұйықталған ойдың тереңін,
Өзімен өзі өкпелі жан дүнием неге екенін.
Көптен бері ұмытылып тұншыққан сырым,
Түнде ғана сөйлейді үнсіз қып түкпірін.
Жамырап кеп жұлдыз біткен сол мезетте,
Жалғап жүр жолды қосып нұрлы үмітке.
Сиқырлы тылсым қонып, қоңыр самалмен.
Жақындағандай болады теңіздей тірлікте.
Күбір етсе көлеңке, түсе қап ай сәулесі,
Іштегі күйімді көрді, бірге неше кешегі.
Кім білер, бәлкім, рухымды іздеп жүрген,
Бір мұңым да айға қарап кеште өледі.
Қараңғылық қана сезеді ішімдегі күресті,
Көрінбейтін жарам жұмбақ, бірақ көмескі.
Сақтап күндіз жүрген барлық құпиям,
Әйтеуір кеудеме сыймай, жарықсыз тіресті.
Таң атады, сағым қайда барып жоғалсын?
Шерлі дертім жазылған жоқ оралсын.
Күн шыққанмен кешегі терең сырлы саз,
Кеудеме кеп күмбірлеп қайта оянсын.
Автор: Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі