Іздеу
Іздеу
Жапырақ боп кетсем екен көлеңкесі саялы,
Топырақ боп кетсем екен алақандай аялы,
Жо-жоқ, әлде айналсам ба жаңбырға,
Не жазды екен, тағдырға?!
Құшақ болып кетсем екен емеурінмен үзілген,
Кітап болып кетсем екен мұқабасы мүжілген,
Жо-жоқ, әлде айналсам ба даңғылға,
Не жазды екен тағдырға?!
Атом болып кетсем екен өзегіммен жаңғырып,
Ақын болып кетсем екен күллі әлемді таң қылып,
Не жазды екен тағдырға?!
Жо-жоқ, әлде...
Тағдыр ма?!
Дархан Аманжолұлы
- Генрих Гейне
- Ғабиден Мұстафин
- Ғабиден Мұстафин
- Бауыржан Момышұлы
Барлық авторлар