Өлеңдер Бөлімі

Қыс келді қылышын сүйретіп


Қыс келді қылышын сүйретіп,
Көңілді кезеңді күйретіп.
Суретін әйнекке салды аяз,
Үскірік – ызғарын билетіп.

Қыс келді сүйретіп қылышын,
Аямай шашты қар-ырысын.
Бетімді шымшыса сары аяз
Деймін мен: «Мұндай қыс құрысын».

Қылышын сүйретіп қыс келді,
Ақ қардан аққала істелді.
Еркесін аялап өсірген
Айналам ақ мамық түске енді.


Қарап көріңіз


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

×