Өлең, жыр, ақындар

"Мәйлі" — пускай

  • 05.04.2019
  • 0
  • 0
  • 952
Директор бізде Дауылов болатын,
Күн суық болса ауырып қалатын.
Күні жылы, үй жылы, жұтатын болса
Күлімдеп, тіпті, сауығын қалатын.
Сөзінің салты:
Пускай мен "мәйлі",
Мейліден гөрі — "мәйлісі"жайлы.
Жүз грамм жұтып, жатқанда жусап,
Шек - қарын жылып, буыны босап.
Сілтейді қолын, жумады көзін
Қылжақтап кейде балаға ұсап.
Аты да қызық — "Молдаспан " еді,
Бір кезде оны "Молда Оспан " деді.
Уақыт өзгерді,
лауазым да өзгерді,
Тарихы мұның мол дастан еді...
* * *
Молдаспан биыл "ауырғыш " болды,
Өйткені сұмдық, ауыр қыс болды.
Қар борап, дүлей боран да болды,
Төрт түлік мал қорада болды.
Шөпті қолдап тасып бермесе,
Қар басып қалған, ашып бермесе,
Қарға адым жер мұң болды,
Метрге жақын тоң болды.
— Қораны сипап, қар басып қалды.
Сүлей мен Төлен қарды ашып қалды,
Мен мұнда шаптым, елді азар таптым,
Шамалап келіп қақпаны қақтым.
Барлығын құдай атып қалды,
Мұз болып қатып қалды.
Дегендерге, Дауылов:—
— Жатқаным мынау ауырып,
Қайт дейсің маған, "Мәйлі"— дейтін,
Әкел қатын: "дәрі" мен шайды дейтін.
— Беретін енді жем болмай қалды,
Мұзға жаятын көң болмай қалды.
Шөп түгел қардың астында қалды,
Мал болса қардың үстінде қалды,
Біреуі мөңіреп, біреуі маңырап жатыр,
Қоралар гулеп аңырап жатыр.
Құдықта су жоқ, түбінде дым жоқ.
Қараң қалғырлар қаңырап жатыр,
Деп шопан келсе, Молдаспан,
Басын көтеріп тұрмастан:
— Терлеп жатырмын "дәрі" тиіп,
Құдайдың биыл кәрі тиіп, —
Бораны болса қайт дейсің,
Оны кімге айт дейсің, —
Өтірікті қоспай,
"Акт жасалсын " — пускай,
Молдекең сөйтіп бүркене түсетін,
Білдірмей жайлап спирт ішетін.
"Дәрімен " аздап, жаңа бусанып,
Жатқан әйелдей жаңа босанып.
Бас-аяғын қымтай беретін,
Малшыларды жұмсай беретін.
Сонымен "мәйлі" мен пускай,
Молдаспанның "қаруы" болды қыстай.
* * *
Мал арық мұзды кеміріп шықты.
Молдаспан бірақ семіріп шықты...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Екі нөл

  • 0
  • 0

Қағазда жортып қаламы,
Алмайды бір сәт дамылды.
Ақпармен шарлап қаланы,
Қағады күнде дабылды.

Толық

Аванс

  • 0
  • 0

Емес сөзді іздесем көпке таныс,
Аузыма кеп түседі, тек "аванс".
Ондағы мәніс,
Ертең дем алыс...

Толық

Өрт пен дерт

  • 0
  • 0

Маймұрын Әлкебайды "Әуке" десіп,
Әлкебай Маймұрынды "Мәуке" десіп,
Қол алысты, шұрқырасты,
Әңгіменің кілтін ашты.

Толық

Қарап көріңіз