Астана
Астана мекенім елордам,
EXPO-м өткен ордам.
Бас иемін алдыңда,
Жасай бер мың алда!
Бақ болып қонған төріме,
20 жыл көрік берген жеріме,
Арман қала Астанам
Құт-береке шаш еліме!
Астанадан тарайды нұрдың бәрі,
Қадам бассаң, қарсы алар символдары.
Тарихың да, салт-дәстүр, өнерің де –
Символдарда. Астана – бұлбұл бағы.
Болашағы зор болар жас қаланың,
Əрқашан өз еліңмен мақтана біл.
20 жыл мен мұңдалап тұрғаныма,
Есілге көрік берген Астана бұл.
Нұр-Сұлтан - болашақ, бар әлем таныған,
Үнемі ақындық сезімді жаныған.
Астана тынысы елдікке куә боп,
Бұл жерде еліміз өркендеп, дамыған.
Ұстап, елдің, алға атын,
Қанат жайып, самғайтын.
Айдындағы қос аққу -
Астанам мен Алматым.
Уақытша келгенмін, қонғанмын,
Ертең кетемін. Дайынмын.
Ақтөбеде де мен тоңғанмын,
Мен аязды танитын қайыңмын.
Ұлымын мен қазақтай паң халықтың,
Бабамдай боп Еуропаға барыппын.
Дүйім елді қлрғап өткен тұлғаның,
Жолын жалғар ізбасар боп қалыппын.
Ата - бабам мың сынаққа шыдаған,
Тәңірден тек Тәуелсіздік сұраған.
Азаттықтың ақ таңы үшін тер төккен,
Тұңғыш қазақ Президенті - Нұрағам.
Еске алсам айбарымды - Астананы,
Төл рәміз-содан тек басталады.
Төрткүл дүние түгелдей таныды ғой,
Қазаққа болған қазір бас қаланы.
Аттанарда ауылдан
Қарап едім әжеме:
─ Қош тұр, ұлым, бар жылдам,
Астанаға сәлем де! —
Елордам менің-Астанам
Есіміңмен мақтанам.
Қазақстан жүрегі,
Мақтанышым,бас қалам.
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі