Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Өлеңдер (35)

Кәрі өлсе, соққан дауыл тынғандай-ақ

Кәрі өлсе, соққан дауыл тымғандай-ақ,
Жас өлсе, бәйтерегің сынғандай-ақ.
Жігіттер, жас уақытты босқа өткізбе,
Дағдыр деген көз ашып жұмғандай-ақ.

Толық

Өлімнен құтылмайсың, қашсаңдағы

Өлімнен құтылмайсың қашсаңдағы,
Атадан арыстан туып ассаң-дағы,
Алладан шыныменен бұйрық келсе,
Жұлдыз да жерге түсер аспандағы.

Толық

Қыздар туралы

Жиырмаға жеткен қыз кәрі болар,
Өңі кетіп шырайы сары болар.
Ер елуге жетсе де айыбы жоқ,
Әр уақытта біреудің жары болар.

Толық

Дүние деген шолақ депті

Дүние деген шолақ депті,
Жан кеудеге қонақ депті.
Ақырет деген бір киім,
Алып қайтар сол-ақ депті.

Толық

Құр мен дуадақ шөлді біледі

Құр мен дуадақ шөлді біледі,
Қарға мен қүзғын елді біледі.
Ұятсызға бас пенен жамбас қойсаң,
Қорқау қасқыр секілді жеуді біледі.

Толық

Ағайын жат болады, алыс болса

Ағайын жат болады, алыс болса,
Жат та жақын болады, таныс болса.
Дұшпан түгіл. Достарың табалайды,
Аяғың бір нәрседен шалыс болса.

Толық

Арғымақ ат кімде жоқ

Арғымақ ат кімде жоқ,
Міне алмасаң, атша жоқ,
Ағайын туған кімде жоқ,
Сыйласпасаң жатша жоқ.

Толық

Жақсы, жаман адам туралы

Жақсыны алыс, жаманды жақын көрме,
Жақсы атансаң, басқаның хақын жеме.
Жақсымын деп момынның малын жеме,
Жаман адам сол болар, мақұл деме.

Толық

Он бес деген жасым-ай

Он бес деген жасым-ай,
Жарға ойнаған лақтай.
Жиырма деген жасым-ай,
Көлге біткен құрақтай.

Толық

Қоғалы көл, нар қамыс

Қоғалы көл, нар қамыс,
Қар үстінде от жанар.
Баласы жаман туғанның
Әкесін түйе үстінде ит қабар.

Толық

Бақытыңа кез бопты долы қатын

Бақытыңа кез бопты долы қатын,
Мұны алған ер жанжалға молығатын,
Ұрысса бар адамды жеңбей қоймас,
Бір үй түгіл бір ауыл торығатын.

Толық

Бұл дүниенің мысалы

Бұл дүниенің мысалы
Ұшып өткен құспен тең.
Өмірде көрген жақсылық
Ұйықтап өткен түспен тең.

Толық

Кәріліктің дауасы туралы

Кәрілік - күлге аунаған қотыр бура,
Кешегі жақсы қайда сөзі тура?
Дауасын кәріліктің мен айтамын,
Көрпені қалың сал да, майды тура.

Толық

Келін жақсы болса

Келін жақсы болса,
Үйіңе көп кісі келеді.
Келін жаман болса,
Келген кісі кеткісі келеді.

Толық

Ата-ананың қадірін

Ата-ананың қадірін
Балалы болғанда білерсің.
Ағайынның қадірін
Жалалы болғанда білерсің.

Толық