Бетховен
Сәнімен емес,
Әнімен оған қымбатты,
Қырық мың ғалам,
Қырық мың түрлі үн қатты.
Аға,
Саған, білмеймін не айтарымды,
Қай қырыңнан білмеймін байқарымды.
Көңілдегі ой көмейге кептелді де,
Әже, сен бірге жүрсің меніменен,
Өліге мен өзіңді телімегем.
Ақ кимешек киген бір кемпір көрсем,
Ақ кимешек астынан сені көрем.
...Сонымен күндер өтті,
Күндер өтті...
Кімдер кеп, кімдер өтті?!
Жонынан майы тамған жомарт - өлім!
Жыршы, күйші, шешендер!
Болашақтағы ақындар!
Бұл күнім мені маңдытпас,
Кіммін, қандай затым бар?
Бір-бірінен асырып жыр жазатын,
Таланттылар қазақта болсада мың.
Халық бірақ бәрінен биік қояр,
Таулардан жаратылған-Мұзбалағын.
Сынауға тіптен құмар кім көрінген,
Әйтеуір кінә тауып бір жеріңнен.
Сырласып отырамын ондайда мен,
Мазасыз күндеріммен, түндеріммен.
Мұқағали бақыты - халқы еді,
Оған берер ойының алтын кенін.
Ауруменен арпалысып шығарды ол
"Күрсінбеші" деуменен соңғы демін.
Не айтам саған, жаным-ай, не айтам саған
Кете бердім жолменен шайтан салған.
«Қолда барда алтынның қадірі жоқ».
Қиын екен қосылып, қайта аңсаған.
-Бар күшіңді жақсылыққа арнайтын
Жан едің ғой қиындыққа сынбайтын.
-Кешір өмір, тағдыр жазса бірақ та
Мықтының да кезі болар жылайтын.
Махаббаттан жүрегім жылап қалды
Шарапсыз-ақ мас болып, сыр ақтарды
Тағдырыма бұйырмапсың бірақ та
Сені сүю жүрегіме ұнап қалды
Талай адам айтып жүрген жырлатып
Бақыт жайлы мен де айтайын тілқатып
Көру, сезу,білу, жүру, ойлану
Ең алдымен осы екен шын бақыт
Мен бөлекпін өмірім өлең бөлек,
Тәнді дәрі жанды жазған өлең емдеп.
Шимайлап шатпақтай беретінім,
Өлең тірі қалады адам өлмек.
Сендер үшін жыр жаздым құлақ саңдар,
Қазақ десе жүрегім елең қағар,
Қаңтарда жиналдық деп міндет қылма,
Ұлтшылдардан көп болды тонағандар.
Ұлы ақынның ұлы тауын көрсем дегем,
Қарасазға бір барып келсем бе екен?
Ұлы ақыннан түсімде бата алып,
Ұлы шыңды бағындырып келсем бе екен?
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі