Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (104) Өлеңдер (40) Жоспарлар (316) Ұлағатты сөздер (23)

Орыс тілі

Орыс тілі,
Жиналысты қыздырып,
Құлдық сана, санамызды сындырып,
Араптарды ұлық еткен Тәңірім,

Толық

Тілім менің тілінбе.

Қазақ тілі құрыды деуге жармас,
Кей қазақтар ана тілге қарамас,
Кейде біреу айтады екен төбеде,
Қазақ тілі, тіл ғой орыс аралас.

Толық

Тілім менің

Қазақ тілім мына менің тірегім,
Тілім десе соғып тұрар жүрегім.
Өз тілімді ұмыт қылсам егерде,
Айтыңдаршы несіне өмір сүремін.

Толық

Өз тілім

Өз тілім бар құрметтейтін сүйетін,
Өз тілім бар өз қазағым білетін,
Қасиетті ана тілден айрылсам,
Мылқаумын мен тілсіз өмір сүретін!

Толық

Қазақ тілі

Қазақ тілі бай тіл деп мақтанамыз,
Қазақ тілі керемет деп шаттанамыз.
Депутаттар өз тілін білмей жатса,
Дым демейміз тек іштен біз қынжыламыз.

Толық

Туған тілің – тұмарың

Туған тілмен тербелсінші бесігің,
Бөбегіңнің қазақша айт есімін.
Қандасым-ау, қасиетті басыңда,
«Алтын тəжің» туған тілің несібің.

Толық

Тұғыры биік қазақ тілі

Тұғыры биік қазақ тілі
Қасиетті қазақ тілі,құдыретіңнен айналдым,
Өз тілімде сөйлесем,қыр гүліндей жайнадым.
Кеудемдегі жүректей болып кеткен дапа тіл,
Өзіңнен шыққан әр сөздің қазанында қайнадым.

Толық

Қазақ тілі

Қазақ тілі көктегі менің байрағым,
Ана тілім сенімен мен самғадым.
Ана тілім жаса мәңгі,
Сеніменен жалғасады тағдырым.

Толық

Ана тілі

Ана тілім,қазақ тілім ар-ұятым,
Қазақ тілін даралау діт мұратым.
Тұған тілім иен болып бара жатыр
Қазақ тілім жауһарым,асыл затым.

Толық

ТЕК ҚАЗАҚША

Бар шаттыққа мен оңай жетем бүгін,
Тілім аман, дінім бар, мекендімін.
Құт дарыған тілімнің сағат сайын,
Мен тәңірден сұраймын есендігін.

Толық

Үйрен ана тіліңді

Өз тіліңсіз көрсең де өз күніңді,
Өз тіліңсіз болсаң да асқан білімді.
Өз халқыңа бола алмайсың азамат,
Білмей тұрып туған ана тіліңді.

Толық

Ана тілі немесе «Қай тiлдердi бiлесiз?» деген сұраққа жауап

Өнер дертi көтерiп ыстығымды,
Өлең жазып өткiздiм қысқы түндi.
Барлық тiлдi бiлем мен, Муза келсе,
Адам түгiл, түсiндi құс тiлiмдi.

Толық

Тәуелсіздік!

Еркіндігім.
Қасиеттім.
Қастерлім.
Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң!

Толық

Қазақ тілі

Сүйемін туған тілді – анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім
Шыр етіп жерге түскен минутімнен
Құлағыма сіңірген таныс үнім.

Толық

Қазақ тілі

Күш кемiдi, айбынды ту құлады,
Кеше батыр – бүгiн қорқақ, бұғады.
Ерiкке ұмтылған ұшқыр жаны кiсенде
Қан суынған, жүрек солғын соғады.

Толық

Ана тілі

Ана! - десем ана тілі ойға оралар.
Баладай қуанарсың тойға барар.
Тыңдасаң көне аңыздан көркем нақыл
Олжам да қанжығама байлап алар.

Толық

Қазақ тілі

Қазақ тілі – ана тілім,
Көне тілім, жаңа тілім.
Ұрпақтардан ұрпақтарға
Мұра болып қалатұғын.

Толық

Мәңгілік тіл

Мен қазақпын, тілім қазақ мәңгілік,
Ұмтылмаймын өзге тілге, мән беріп,
Қазағымның дана тілі тұрғанда
Ұнамайды әуенді тіл шетелдік!

Толық