Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Өлеңдер (51)

Тілек (Бибінұрдың 1 жасқа толу, тұсаукесеріне)

Құтты болсын қадамың,
Бибінұржан балбөбек.
Әкең мәз боп қолға алып,
Анаң сені әлдилеп

Толық

Ай ару

Тау бөктері.
Көк аршалар жауынгердей тізіліп,
Көз тастады, табиғаттың ғажабына сүзіліп.
Иінағашпен су әкетіп бара жатыр Ай ару,

Толық

Сүй

Ей, Адамзат!
Сен ояндың.
Тірісің.
Тіршіліктің сезудесің тынысын:

Толық

Қу дүние

Бала:
- Әке, анық қарап ал, кеңсе – міне,
Нар тұлғамды балаймын еңселіге.
Атышулы мекеме бастығымын,

Толық

Ай астында жыр оқитын бір қыз бар

Ауыл іші.
Жаздың түні.
Тым ыстық.
Дел-сал күйде мүлгіп жатыр айнала.

Толық

Мадақ


Сөздің басын бисмилламен ашайын,
Шабыт-тұлпар мініп, алға басайын.
Жаратылыстың ең көркемі, асылы –
Пайғамбарға мадақ-өлең жазайын.

Толық

Күз бен қыз

Қараша күз...
Былтырғыдан бөлектеу, жаңаша күз:
Самарқау күн, солғын бақ –
Бәрі орнында,

Толық

Мен бақытты баламын

Мен бақытты баламын,
Күнде думан саламын.
Қызықтарға тоймаймын,
Асыр салып ойнаймын.

Толық

Әкешім

Қол бұлғап көрінген
Жеті онның төріне
Жетіпсің ғой, әкешім.
Мәз болып марқайып,

Толық

Біздің апай тамаша

Біздің завуч Мираш апай тамаша,
Өнеріне сан жетпейді санаса.
Домбырада ойнап, ән де салады,
Қуанғанда мәз болады балаша.
 

Толық

Еске алу. Айман тәтенің атынан күйеуі Сағидуллаға

Жүз күн өтті...
Жадыраған жүзіңді көрмегелі,
Сарғайған сар сағыныш сөнбегелі.
Бізді тастап мәңгілік мекеніңе
Кеткеніңе көңілім көнбеп еді.

Толық

Ажырау (М.Жәлелдің «Расставанье» туындысына еркін аударма)

Қандай қиын қоштасу,
Жан досыңмен, жақыныңмен, құрбыңмен...
Енді оның жолықпасын білемін,
Тағдырым деп көнемін.

Толық

Ұзату тілегі Назымға

Көгілдірі аққудың
Туып өскен ұяңнан
Ағайын мен бауырдан
Алыстап сен барасың

Толық

Сағынба дым

Әке, қалай жағдайың?
Күтуші едім қашан сізді көрем деп.
Аяз ата көрсем бұрын әрдайым
Сіз бе екен деп қарайтынмын елеңдеп.

Толық

Тастанды баланың монологы

Менің мынау өміріме өкпем көп,
Тарпаң тағдыр маған нұрын төккен жоқ.
Өз-өзімді тани алмай әуремін,
Неге күрең күндерімде көктем жоқ?

Толық

Ару көктем

Ысырып дүлей дауыл, өктем желді,
Көк майса, гүлге орап бөктерлерді,
Шаттықтың шомылдырып шуағына,
Күлімдеп ауылыма көктем келді.

Толық

Ілияс Жансүгіровке арнау

Құлагері қазақтың - Ілиясым,
Нұрға толы жүзіңмен жымиясың.
Сұлу сөзбен сиқырлап оқырманды,
Баурап алдың бірден жан дүниясын.

Толық

Анаға тілек

Алтын күнім, жарқын нұрым, жұмағым,
Сарқылмайтын, балдай тәтті бұлағым.
Ұрпагғыңа деп арнаған ғұмырың
Ұзақ болсын-Тәңірімнен сұрарым.

Толық