Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Өлеңдер (13)

Абайға

Бір сезім бұған дейін арбаспаған,
Қолыма алдырғанша алғаш қалам,
Жырыма тырнақалды қуанғанмын
Колумбтай құрлықты ашқан жан баспаған.

Толық

Абайға

Жыр жазамын дегенде
Сөзден тыяр лас, бөтен.
Жетімдік көрмей өлеңде
Әкесі болған жақсы екен!

Толық

Тәтті жыр

Аузымда тәтті дәмі бар
Шекер-балдай бір жырдың
Жүрегіме құйылған,
Түсінем білем мен сырын.

Толық

Ұлылармен ұғысу (Абайға)

Ақылдан аққан ақжарма
Ағытқан кезде арнасын,
Орынсыз жерде одыраңдатпас
Алтыннан асыл алмасым.

Толық

Абайға

Қазақ болсаң,қане достым,оқып көрші Абайды!
Шын сөзімді ұқ,бір сөзінен мың тəрбие тарайды,
Ақылсыздар келеке қып,өз данасын сынайды
Ақылды адам асылдарын биіктерде ұстайды!

Толық

Мен де жаттап өсіп келем Абайды

Тамсандырып таңқалдырған талайды
Алты алашым даңқты ақынға балайды
Өлеңі мен өнегесін қалдырған
Мен де жаттап өсіп келем Абайды.

Толық

Абайға

Мен сенен оқыдым даналық ғазалын,
Тереңде тұңғиық ғаламат ғажабын.
Түн түнек жаулаған қазақтың даласы
Сен нұрың шашқанда өзгертті ажарын.

Толық

Абайға

Нұрлы ақыл, жомарт жүрек, кемел дарын,
үйрендік асыл сөздің сенен бәрін,
Жырларың жан-жүйені шымырлатса,
тартады ақ балықтай тереңге әнің.

Толық

Абайға

Абайға мен қараймын, Абай – маған,
Өткір, ойлы көзбенен абайлаған.
Құлағыма келеді қоңыр үні:
«Барасың сен,— дегендей,— қалай, балам?»

Толық

Абайға

О жарықтық, тұғырыңа табындырдың талайды,
«Оқу керек, оқу керек» деп жатамыз Абайды.
Бар-жоғы жалғыз кітап мұра еттің ұрпаққа,
Осқырынған ойы олақтар ондап томын санайды.

Толық

Атақты ақын - сөзі алтын хакім Абайға

Шын хакім, сөзің асыл - баға жетпес,
Бір сөзің мың жыл жүрсе, дәмі кетпесу
Қарадан хакім болған сендей жанды
Дүние қолын жайып енді күтпес.

Толық

Абай-нәр мен тынысым

Абай - хакім , Абай нәр мен тынысым,
Ізін нұсқап жетелейді Ұлы шың.
Күреңіткен күрен күздей халықтың,
Қаламымен қанықтырған құрышын...

Толық

Абайға арнау

Кіргенде әдемі үйлерге еңселі,
Көреміз даналар жиылған кеңсені.
Кішіден үйреніп жаттаған Абайым,
Сағына іздеймін, іздеймін мен сені.

Толық