Айтқан сөзге адамша түсінбедің, Көрініп тұр ап-айқын ісіңде мін. Достығымнан қасарған қастық іздеп, Бұл қалайша жатып aп «ісінгенің?!»
Көлденеңдеп әр жерден кез келесің, Сұм ниетпен күнде қырық өзгересің. Өзің алтын секілді жарқ-жұрқ еткен Адам алмас өзгені жез кересің.
Жүзіңде тұл қараулықтың күзі бар, Күзіңде кіл жаяулықтың ізі бар. Асығыңның алшысы жоқ, шігі бар, Қасығыңның тамшысы жоқ, жігі бар.
Елім деп жырлап өтші өле-өлгенше, Көк туың желбіресін күн сөнгенше. Адам болып өмірден өту керек, Дүниеқоңыз жан болып күн көргенше.
Пасықтықтан бүріскен жүрегіңе Гүл тағып қояйыншы, бәлкім, ашылар! Ашылған жүрек – жылайды, күледі де. Сөзімде – көңілдің жасы бар...
20.03.2024 14:17
13.03.2024 22:14
29.02.2024 16:27
27.02.2024 17:21
09.02.2024 12:34
Қателік орын алды
SYSTEM INFO
- Габриэль Гарсиа Маркес
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі