Айналайын жан әке, Арайлап атқан таң әке. Асқар таудай панамыз, Ақылшымыз – данамыз.
Әке сізге теңдеу жоқ теңейтін Сіз тұлғасыз ұқсатуға келмейтін. Нағыз жігіт таласпайды өштесіп Жеңілгенді мойындайтын ер дейтін.
Құтты болсын бүгінгі туған күніңіз, Бал-бұл жайнап тұрсын әркез жүзіңіз. Немерелер қызығына шаттанып, Ортамызда аман-есен жүріңіз.
Айбаттысың, ардақтысың, ақылшымсың. Қайраттысың, келбеттісің,көріктісің. Қамқоршымсың қиналғанда табылатын, Асыл әке жебейтұғын періштемсің.
ӘКЕТАЙЫМ,ҚОРҒАНЫМСЫҢ БОЛАТТАЙ, ӨЗІҢ БАРДА ЖҮРЕМ ШАЛҚЫП АЛАҢСЫЗ. БАЛАҢА ТЕК ЖАМАНДЫҚТЫ ЖОЛАТПАЙ, АЛЛАДАН СҰРАП,ДҰҒА ЕТКЕН АДАМСЫЗ.
Сертінің ұрлап қара атын, Жазықсыз киып қанатын, Жапанда жаяу қалдырып, Жайым жоқ қарғыс алатын.
Ұрпағың қалды артыңда. Барма әке сізде басқа арман. Өзіңді әке кем көрмеймін, Биік шыңнан асқардан.
Асырап, бағып, осы бір күнге жеткізген, Күлкісіз күндер, ұйқысыз түндер өткізген. «Ақүрпек» едім, «Мұзбалақ» етіп баулыдың,
Әкем біреу, анам да біреу менің, Мен жығылсам сүйенер тіреулерім. Олар барда мереке, көрген емен Қабақтарын шытқанын, түнергенін.
Әкешім, өзің жайлы ойланамын, Ойлансам арманыма жүз барамын. Қабағын кір шалмасын әкемнің деп, Жаман күні ешқашан болмасын деп
Асқар тауым, кең жүректім, әкешім, Сендей жан жоқ, бұл өмірде әке шын. Бар жақсыны өзіңізге тіледік, Құтты болсын мына өмірге келген күн!
Ардағымсың, әкетайым, асқарым. Қанатымсың, бар байлығым, аспаным. Сенің арқан бүгінгі күн көргеніміз, Жанымдасын керегі не басқанын?!
Асқарым бар, өте биік "әке" деген, Кеше ғана, бала едім әкелеген. Үлгі тұтар тұлғаң кім? - деп сұраса, Ойланбастан, сол сәтте, "әке" дер ем.
Сонымен құладың ба, тас қамалым, Қалмады күйініштен басқа амалым. Зиратың аяқ асты болмасын деп, Бұзылған қорғанымнан тас қаладым.
13.03.2024 22:14
29.02.2024 16:27
27.02.2024 17:21
09.02.2024 12:34
04.02.2024 19:18
18.03.2024
06.03.2024
04.03.2024
27.02.2024
25.02.2024
Қателік орын алды
SYSTEM INFO
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі