Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (882) Өлеңдер (49) Жоспарлар (10) Мақал-мәтелдер (221) Ұлағатты сөздер (219) Әзіл, анекдоттар (1)

Біліксізге бәрі де жөн көрінеді.

Ілмектер: білік, білім

Біліксізге төр тисе, «төмен» дейді.

Ілмектер: төр, білік, төмен, білім

Ақыл азбайды,
Білім тозбайды.

Ілмектер: ақыл, білім

Екпей егін шықпас,
Үйренбей білім жұқпас.

Ілмектер: білім

Білікті білім біліп, зерделі ұғар,
Жүзеге осы екеуі алып шығар.

Ілмектер: біліктілік, білікті, білім, зерде

Білікті біліммен білінеді.

Ілмектер: білікті, білім

Білікті біліп айтар, сөзін ұтар,
Ол емес бос сөзіңді бедел тұтар.
Білімсіз не айтса да, білмей айтар
Өз тілі өзінің кеп басын жұтар.

Ілмектер: біліктілік, білікті, тіл, білім, білімсіз

Білікті бір де шығар,
Білімсіз мың да шығар.

Ілмектер: біліктілік, білікті, білім

Білікті кісі тәнінен ет сыдыртып,
Біліммен жанын семіртер.

Ілмектер: біліктілік, білікті, білім

Білім — адамның байлығы.

Ілмектер: Білім, байлық, адам

Білім — байлық таусылмайтын, бітпейтін,
Ұры-қары, қу жоқ оны үптейтін.

Ілмектер: Білім, ұры, байлық, қу

Кітап — білім бұлағы,
Білім — өмір шырағы!

Ілмектер: кітап, білім

Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ.

Ілмектер: оқу, білім

Ғылым – теңіз, білім – қайық.

Ілмектер: ғылым, білім

Ғылыммен жақын болсаң, қолың жетер,
Залыммен жақын болсаң, басың кетер.

Ілмектер: білім, ғылым

Оқымаған бір бала,
Оқыса екі бала.

Ілмектер: білім, оқу

Ілім - бұлақ,
Білім - шырақ.

Ілмектер: ілім, білім, бұлақ, шырақ

Кітап – алтын қазына.

Ілмектер: кітап, білім

Кісінің кісілігі,
Киімінде емес, білімінде.

Ілмектер: кісі, кісілік, киім, білім

Білгенің бір тоғыз,
Білмегенің тоқсан тоғыз.

Ілмектер: білім, ілім