Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (26) Өлеңдер (53) Жоспарлар (8) Мақал-мәтелдер (437) Ұлағатты сөздер (229) Әзіл, анекдоттар (1)

Көптің сөзі — темір талқы,
Қисайғанды түзетер.

Ілмектер: сөз, тіл

Төр төбесінде отырып,
Теріс сөйлегеннен түңіл
Есік алдында отырып,
Ерсі сөйлегеннен түңіл.

Ілмектер: тіл, сөз

Жігіт жауда өлер,
Шешен дауда өлер.

Ілмектер: жігіт, тіл, сөз, дау

Сақина — сәнге жатпас,
Айқай — әнге жатпас.

Ілмектер: айқай, тіл, сөз

Ақын өлең айтпайды, жантайған соң,
Адам келмес үйіңе мал тайған соң.

Ілмектер: өлең, адам, тіл, сөз

Біреу қасып айтады,
Біреу басып айтады,
Біреу жаны ашып айтады.

Ілмектер: сөз, тіл

Көргенінен көз ақы алады,
Сөйлегенінен сөз ақы алады.

Ілмектер: сөз, тіл

Әділ сөздің зілі жоқ,
Көп көзінен өткен істің міні жоқ.

Ілмектер: әділ, зіл, сөз, тіл

Көңілдегі құпияңды —
Көзің айтып қояды,
Көп сөйлеген күпілдеп —
Сөзің айтып қояды.

Ілмектер: көңіл, құпия, тіл, сөз

Дуасыз ауызға,
Судыраған сөз бітер.
Жылан мінез жауызға
Жеп қойғандай көз бітер.

Ілмектер: сөз, тіл

Кедейге өлең айтқан да — шығын.

Ілмектер: кедей, сөз, тіл, өлең, шығын

Ақынның хаты өлмейді,
Батырдың аты өлмейді.

Ілмектер: ақын, батыр, сөз, тіл

Сөзі ырайлының —
Жүзі шырайлы.

Ілмектер: сөз, тіл

Аузын бағып айтқанның — аузы күймес,
Отын бағып жаққанның жеңі күймес.

Ілмектер: сөз, тіл

Атаңның сақалына қарама,
Айтқан мақалына қара.

Ілмектер: ата, мақал, сөз, тіл

Аңғал сөйлеп, аспа,
Ойланып ал, саспа.

Ілмектер: сөз, тіл

Ұзын шапан аяғыңа оралады,
Ұзын тіл мойныңа оралады.

Ілмектер: тіл, сөз

Бір сом беріп жырлатып,
Мың сом беріп қойғыза алмапты.

Ілмектер: сөз, тіл

Тілі бардың
Тіріде ақысы кетпейді.

Ілмектер: тіл, сөз

Кемеңгердің артынан көп ереді,
Сүмелектің артынан сөз ереді.

Ілмектер: сөз, тіл