Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (13) Өлеңдер (17) Жоспарлар (3) Мақал-мәтелдер (78) Ұлағатты сөздер (33) Әзіл, анекдоттар (2)

Алтын тапсаң, санап ал.

Ілмектер: алтын

Қолда барда алтынның қадірі жоқ.

Ілмектер: алтын

Алтынды ала білген бөле де біледі.

Ілмектер: алтын

Ақыл айнымас, алтын шірімес.

Ілмектер: ақыл, алтын

Тең тартқан
Таразы — алтын.

Ілмектер: тараз, алтын

Алтын белдік — бел сәні,
Асы жігіт — ел сәні.

Ілмектер: жақсы, алтын, жігіт

Түйе алтын артып жүрсе де,
Жантақ жеуін қоймайды.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, алтын

Жоғалған пышақтың сабы алтын.

Ілмектер: алтын, жоғалған

Қайыптан тапқан алтыннан
Ақсақал берген бата артық
Қайыры жоқ жақыннан
Жаны жақсы жат артық.

Ілмектер: алтын, жат, туған, туыс, ағайын

Алтын ерің атқа тисе,
Алтынын ал да отқа жақ.

Ілмектер: алтын, өнер, қол өнері

Алтын балтаның да сабы ағаш.

Ілмектер: алтын, ағаш, қол өнері

Алтынды еріткенмен,
Жез болмайды
Жібекті жуғанмен,
Бөз болмайды.

Ілмектер: алтын, өнер, қол өнері

Жылтырағанның бәрі алтын емес.

Ілмектер: алтын

Күміс күнге қонса,
Алтын өз аяғымен келер.

Ілмектер: күміс, алтын, өнер, қол өнері

Көп сөз — күміс,
Аз сөз — алтын.

Ілмектер: күміс, алтын, сөз, тіл

Ат тұяғы—алтын,
Алысқа алып баратын.
Адам тілі алтын,
Алысты сұраптабатын.

Ілмектер: алтын, төрт түлік мал, тіл, адам

Таздың тарағы алтын,
Мергеннің садағы алтын.

Ілмектер: денсаулық, алтын

Алтын отта сыналар,
Адам жоқта сыналар.

Ілмектер: адам, алтын

Алтын тыққан адам арықтап өлер.

Ілмектер: алтын, адам

Кестешінің бізі — алтын,
Кемеңгердің сөзі — алтын,
Көрегеннің көзі — алтын.

Ілмектер: алтын, адам